24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Отбасылық өмірің құлпынайдай болсын десең...

Қазақ «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Пенде үйленсе, дінінің тең жартысы кемелденеді. Енді қалған жартысына сақ болсын», – деген. Бұл риуаят сахаба Әнас ибн Мәліктен (Алла оған разы болсын) жеткен. Үйлену арқылы шаңырақ көтерген адамның дінінің тең жартысы толығады. Үйлену – діннің бір жартысы болса, екінші жартысы – тақуалық. Ендеше үйленген адамның құлшылығы қандай болмақ?

Әйел адам өз табысын күйеуінің рұқсатынсыз жұмсай ала ма?

Ислам ғалымдары арасында әйел кісінің жеке дүниесінде күйеуінің белгілі дәрежеде билігі бар дейтіндер болған, әсіресе, садақа беру және біреуге ақша беру мәселесінде күйеуі белгілі мөлшерге дейін тыйым жасауына құқылы дейді олар.

Үйленгелі жатқан баласына әкесінің айтқан 8 өсиеті

Көпті көрген бір әке өзінің үйленгелі жатқан кенже ұлына мынадай өсиет айтыпты:

Бала тәрбиесінде барлығы жіберетін үлкен қателік

Қазіргі таңда бала тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? Болашағымыз - балаларымызды дұрыс тәрбиелей алып жүрміз бе? Балаларымыздың тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлудеміз бе? Бұл сұрақтарға өзіңіз іштей ойланып, жауап беріп көріңіз. Ал мен өзімнің тәжірибем бойынша түйген бірнеше ой-пікірімді сізбен бөлісіп көрейін.

Қандай шарттарды орындағанда неке дұрыс болады?

Некелері қиылатын жастардың ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған, ешқандай мəжбүрлеусіз, өз еріктерімен отбасын құруға келісім беруі қажет. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына бір хадисі келтірілді: «Жесір əйел ұсынысты қабыл етпейінше, ал жас қыздың ризашылығы алынбайынша неке шын мəнінде жүзеге аспайды». Осыны айтқанда сахабалар: «Уа, Расулулла, жас қыздың разылығын қалай білеміз?», – деп сұрапты. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Жас қыздың рұқсаты – үндемегені», – деген екен.

Үйленген соң сезім қайда кетеді немесе махаббаттың бес тілі

Үйленгеннен кейін бұрынғы жылы сезім қайда кетеді? Ажырасулар неге көбейіп кетті? Оның алдын алу үшін, махаббат отын қайта маздату үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға мақаламызда жауап тауып көруге тырыстық.

Жігіт сөз салғанда қыз мына мәселелерге мән бергені абзал

Имам Ғазали өзінің «Діндегі әдептер» атты кітапшасында, егер бір жігіт көңіл білдіріп, сөз салғандай болып жатса, мұсылман қыздың мына мәселелерге мән бергендігі "мұсылманша неке алды әдептерінен" саналады делінген.

Білімді аналар қызы 12 жасқа толған кезеңде не істеуі керек?

«Білімді әрі түсінігі мол аналар қызы 12 жасқа қараған кезеңде не істеуі керек?»

«Келін енесінің топырағынан» деген сөздің дінде негізі бар ма?

«Келін енесінің топырағынан» деген сөздің мәні көпшілікке белгілі, ол - «келін енесіне ұқсас болып келеді» деген мағынаны білдіретін тұспал сөз.

Кемшіліксіз күйеу мен жақсы әйелді қалай табамыз?

Барлық некелі жұптардың ұрыс-керісі бейсананың күші мен қызметін жоққа шығарудан екен. Бейсананың заңдылығын дұрыс қолдана білген жұптар өз тайталасын шеше алады. Бірге дұға жасаған жұп әрқашан бірге қалады. Үйлесімді некедегілер өмір туралы, Құдай хақында екеуара келісілген ортақ мақсат пен жоспар құра отырып бақытқа кенеледі. Себебі, оларды бірлік, ымырашылдық, келісім мен өмірді сүю біріктірді. 

Әйелімнің мінезі нашар болса, ажырасуға бола ма?

Cұрақ: Үйленген алғашқы айларда ара-қатынасымыз, сыйластығымыз жақсы еді. Бір-бірімізді жақсы түсінетін едік. Ал қазір күннен күнге әйелімнің мінезі нашарлап кетті. Күнде ұрыс-керіс бітер емес. Әйелімнің мінезін қалай жөндеуге болады немесе осы себепті ажырассақ қалай болады?