25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қыздың құндылығын ағасы көтеруі қажет

Қыздың құндылығын ағасы көтеруі қажет

Исламдағы отбасы
Жарнама

Сіздер Қыз Жібектің киносын көрсеңіздер, Қыз Жібекті Төлегенге ұзатар алдында оның қасында үнемі ағасы Қаршыға жүреді. Неге? Себебі аға – махрам. Аға – қамқор. Аға – уәкіл. Қарындасы үшін жауап беретін адам.

Енді осы жерде маңызды бір нәрсені айтып өтейін. Біз батыстың, Ресейдің киносын көреміз. Славян халықтарының филбмін көреміз де өзімізді сол жердегі қыздармен салыстырамыз. Олай болмайды. Қазақ қызының болмысы мен жаратылысы бөлек. «Восток – дело тонкое» деген сияқты шығыс қыздарының өмірге көзқарасы, психологиясы мүлдем басқа. Мысалы, біздің көңіліміз нәзіктеу. Әсеріміз де айрықша.

Еуропаның немесе көрші орыстың қыздары кішкентай кездерінен боқтық сөздерді естіп өсуі мүмкін. Әсіресе, ішімдік ішетін отбасылардың балалары. Әртүрлі ұятсыз анекдоттарға, боқтық сөздерге құлағы қанып өседі. Сондықтан олардың анайы өмірге, тұрпайы әрекеттерге иммунитеттері мықты болады.

Кейбір қыздардың өздері де боқтап жүре беретін болуы мүмкін. Кейін оны күйеуі боқтайтын болса, көңіліне алмайды. Неге? Әкесінің шешесін боқтап жатқанын естіген немесе кішкентай кезінен өзі де айтып үйренген, бала кезінен оны да боқтаған. Боқтыққа құлағы да, жүрегі де үйренген. Сондықтан үйленген кезде керісінше боқтағаннан ләззат алып, боқтап айтқан тапсырманы анық түсінуі мүмкін. Боқтаған кезде істің нүктесі қойылуы ғажап емес.

материал «Еркем, өмірің болсын көркем» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: