Харизмасы қалыптасқан экстремистік көзқарастағы әйелдер соңдарынан жамағатты ертуге қабілетті.
Дархан Кәлетаев: «Діни азшылықтарға ашықпын»
ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың Азаттық радиосына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
Динара Нұрғалиева: Қазақы тәрбие жат ағым жетегіне жібермейді
Ұлттың ұйытқысы, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, қоғамның іргетасы, әрбір ошақтың шырағы - Ана. Болашақ ана болар, ақ шылауышты салихалы кейуанаға айналар аруларымыздың тәрбиесі мен дүниетанымын дұрыс қалыптастыру үлкен жауапкершілікті қажет еттіреді.
Бейбіт Мырзагелдиев: Көз жеткізбей «Халал сертификаты» берілмейді
ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС басшысы Бейбіт Мырзагелдиевпен сұхбат
Асқар Мұқанов: Намаз оқымадым деп оразадан бас тартуға болмайды
Бүгінгі таңмен бірге қасиетті, рахымы мол Рамазан айы кірді. Бұл барша мұсылман қауымы отыз күн ораза тұтып, нәпсі мен теріс қылықтардан өзін тыятын мезгілдің келгені. Осы орайда, Baq.kz тілшісі «Нұр Астана» мешітінің бас имамы, Астана қаласының өкіл имамы Асқар Мұқановпен сұхбаттасып, ораза жайында негізгі сұрақтарға жауап алды.
Асқар Мұқанов: Рамазан оразасының сауабы мол
Рақым айында Алла Тағаланы жиі еске алып, Құран оқып, оны тыңдап, мағынасына ой жүгіртіп, оған амал қылған абзал. Пайдалы дәрістерді тыңдау үшін аузы берік адам бос уақытын мешітте өткізгені жөн. Тарауық намазы – рамазан айында оқылатын сауабы мол ғибадат. Тарауық рухымызға азық беріп, пендені бұ дүниенің қарбалас тірлігінен алыстатып, Аллаға жақындатады.
Сейтқасым Серік: Олардың арманы – анасы екеуімізді қажылыққа жіберу
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінде Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан VII республикалық Құран байқауына іріктеу сайысында «10 пара» аталымы бойынша 1-орынды 8 жасар Ерқанат Сейітқасым иеленді. VII республикалық Құран байқауына Астана қаласының атынан жолдама алған жас қаридың 9 жасар әпкесі де, 5 жасар інісі де Құран жаттаған. Діндар отбасынан шыққан балалардың имани жетістікке жетуіне себепкер болған ұстаздары - өз ата-аналары.
«Ислам және отбасы» жылына орай, балаларын Құран құндылықтарымен сусындатқан отбасынан өнеге алу мақсатында отағасын сөзге тарттық.
Яхия қажы Исмайлов: Ислам - Халықтық дін
Бүгінгі күні рухани түлеу басты ұстанымға айналды. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру идеясының аясында өрістеп отыр. Бұл істе қасиетті дініміздің алатын орны ерекше. Имандылыққа баулитын, ізеттілікке үйрететін Құран хадистерінің жөні бөлек. Біз осындай жаңғыру жолына түскен мемлекетіміздегі діни ұғымдарымыздың жайын Астана қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы саналатын «Шейх Құнта қажы» мешітінің бас имамы Яхия қажы Исмайловпен тілдескенде әңгімемізге арқау еткен едік.
«Дәстүрлі рухани құндылықтар діни тұрақтылықтың тетігі»
Еліміздегі діни ахуалдың бүгінгі жай-күйі мен дәстүрлі рухани-діни құндылықтардың маңызы туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік АРЫН мырзаның «Заң газеті» берген сұхбатын жирялап отырмыз.
БАЛҒАБЕК МЫРЗАЕВ: ДІНДАРЛАР ЕСЕПКЕ АЛЫНСА ДА, КҮДІККЕ ІЛІНБЕЙДІ
Мәжіліс қарауында жатқан дін саласына қатысты заң жобасының түсініспеушілік тудырған нормалары мен актілерін талдау, сараптау, түсіндіру шаралары жалғасып келеді. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары, теология ғылымының докторы Балғабек Әбдіқайымұлы Мырзаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында көпшілік көкейіндегі өзекті сауалдар мен кейбір күмәнді сұрақтарды кеңінен қамтуға тырысты.
Нұрлан Рамазанов, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы: Жаназа мен жерлеу рәсімдері бірізділікке түсіп келеді
Ерте ме кеш пе, кез келген жанның дәм-тұзы таусылады. Ал, қайтқан жанды арулап жерлеп, ақтық сапарға шығарып салу – әр мұсылманның міндеті. Бұл міндет атам заманнан бері шариғат қағидаларымен атқарылған, солай жалғасып та келеді. Алайда елімізге сырттан келіп жатқан деструктивті діни идеологиялардың әсерінен шариғат талаптары, діни амал мен рәсімдерге қатысты келіспеушіліктер көбейіп кетті. Осыған байланысты байланысты ел көкейінде жүрген сауалдарды «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазановтан сұраған едік.