«Мінезсіз адам – жеміссіз ағаш» дейді халық даналығы. «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» дейді алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан. Ал мінез дегеніміз не? Ол жемісті болу үшін, ұлтқа қызмет жасау үшін кісі қандай болуы керек? Бұл тақырыпқа келгенде «қанша адам болса, сонша мінез болады», «ол әр адамның жаратылысы» деп қысқа ғана қайыра салатынымыз анық.
Айбек Қалиев, айтыскер ақын: ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРҒАНЫН МІНДЕТ ҚЫЛАТЫНДАР БАР
Дін – қоғам өмірінің ажырамас бөлігі. Адамгершілік пен тәрбие мәселесі туралы сөз еткенде дін жайын айналып өте алмаймыз. Имандылық пен адами қасиеттерді сөз ету де тек дін қызметшілерінің құзырындағы іс емес. Елге үлгі боларлық ісі бар, аузы дуалы азаматтың әрқайсысы дін айналасындағы өзекті мәселелелерге қатысты пікір білдіруге хақылы. Осы ретте елге танымал айтыскер ақын, Ы. Алтынсарин атындағы Мемлекеттік педагогикалық институттың педагогика және филология факультетінің деканы Айбек Қалиевтің e-islam.kz сайтына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
Мырзатай Жолдасбеков: Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің
Расында да қатты ойланатын кез келді. Қазақ болып тұтаспасақ, ұлт болып ұйыспасақ, мына аласапыран заманда көшке ілесе алмай қалуымыз мүмкін.
Береке-бірлікке, ынтымақты тірлікке, жарасымды жақсылыққа ұйытатын қасиетті Рамазан айында өзегін таза ұстауды қажет ететін дің – дініміз, алтын арқаулы сан-салалы дәстүріміз туралы белгілі қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВТІ әңгімеге тартқан едік. – Мырзаға, сіз бір сөзіңізде «Қазақ қайтсе қалады қазақ болып» деген едіңіз. Осы сөздің астарында үлкен ұғым, ұлттың келешегі мен болашағы жатқан секілді.
Серікзат Дүйсенғазин: Бақыт – жүректің тыныштығы, елімнің амандығы.
– Серікзат аға, қажылыққа барып парызын өтеп келген мұсылманның бірісіз. Қабыл болсын! Енді сізді Серікзат қажы деп атасақ болады ма? Мәселен, Қажымұқан деген секілді.
– Қажымұқанның, Құнанбайдың заманы бөлек еді ғой. Ол заманда бірді-екілі адамдардың ғана Меккеге табандары тиетін. Қажылыққа барып келген кісілер ел арасында қасиетті қағба, қажылық жайында, Мекке туралы көрген-білгендерін айтып, халықты имандылыққа шақыратын.
Мырзатай Жолдасбеков: Дін көрінгеннің қол жаулығына айналмауы керек
Биылғы жылдың үлкен датасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл мерейтойдың еліміз үшін мәні мен маңызы ерекше. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуында өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым, танымал қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековпен елдегі діни ахуал және ислам дінінің бүгіні туралы әңгімелескен едік.
Шерхан Мұртаза: Қазақ діндарлары ұлттық шеңберде қызмет етуі тиіс.
Жақында «Дін мен дәстүр» атты кітап қолыма түсті. Атауы назарымды аудартты. Алғашқы бетіне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен деп жазып қойыпты. Сүйсініп қалдым.
Арман Қуанышбаев: Жап-жас болса да 4-5 әйелді талақ қылғандар бар…
— «Тыныштықты сақтау туралы Құранда ештеңе айтылмаған» — деген жалған сөзге алданып жүргендер бар. Бұл — бекер сөз. «Әнфал» сүресінің 46-аятында: «…өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейленесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында, Алла сабырлылармен бірге» — делінген.
Ерсін Әміре: Қазақтың танымы исламмен үндес
Қазақ мәдениеті дін исламмен қатар дамып, өркениет көшінен өз арнасын тауып, биігін бағындырды. Халықтың табиғаты мен таным-түсінігіне сай түскен хақ дін қазақ топырағында түлеп, Түркістан жұртынан көптеген ғалым-ғұламалар да шықты. Тарихи үндестік тапқан асыл дініміздің бүгінгі қоғамдағы рөлі, ұлт иммунитетін қалыптастырудағы исламның маңыздылығы мен дін атын жамылған ағымдарға қарсы күрес жүргізудің әдіс-тәсілдері турасында белгілі исламтанушы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміремен әңгімелескен едік.
Ерсін Әміре: «Познания казахов созвучны исламу»
Казахская культура, развиваясь в соответствии с религией Ислам, найдя свою нишу в цивилизации покорила высокие вершины. Религия ниспосланная в соответствии с пониманием и природой человека достигла и возродилась на просторах казахских степей, а Туркестан был колыбелью многих исламских ученых и гениев. О роли исторически гармонирующей религии, значимости ислама в процессе формирования иммунитета нации и методах противодействия деструктивным движениям, прикрывающихся религией мы поговорили с известным исламоведом, членом Совета улемов Духовного управления мусульман Казахстана Ерсіном Әміре.
Құран Кәрім - Уахи арқылы түскен кітап
Уахи – араб тілінде сыбырлау, құпия түрде жылдам хабар беру, жасырын белгі беру, ишара ету, ымдау деген мағыналарды береді.
Ал шариғаттағы мағынасына келер болсақ, Уахи – Жаратушының адамзат баласын тура жолға бастау үшін пайғамбарларына берген нұсқаулығы.
Уахи түсінігі түрлі діндерде әрқилы сипатталған. Кейбір бұрмаланған діндерде уахи исламдағы уахи ақиқатынан өзгеше түсіндіріледі.
Дін - еріккеннің ермегі емес
Ислам діні адамдарға ой пікір мен сөз бостандығын бере отырып дін мен мемлекет, қоғам мен жеке тұлға мүдделерін сақтау мақсатында кейбір шектеулер қойған. Алайда кейбір адамдар осы шектеулерден шығып, нәтижеде қарабайыр халықтың санасын сан жаққа жүгіртуде. Оның ішінде Алланың Кітабы мен пайғамбар сүннетінен бейхабар, шариғи білімі жоқ немесе діни танымы таяз адамдардың дін турасында ой айтып тіпті кей кезде пәтуа шығаруы көңілге қаяу түсіреді.