25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жиһад – өзіңді түзету, жүрегіңді тазарту

Жиһад – өзіңді түзету, жүрегіңді тазарту

Күдікпен күрес
Жарнама

Жиһад – адамға Алла тағаланы тану үшін жол ашу дегенді білдіреді. Жаратушыны тануға сауатсыздық, кедейшілік, ерік-ойға, санаға жасалған шектеулер кедергі келтірсе, солармен күресу үшін атқарылатын барлық іс-шара жиһад болып есептеледі.

Жиһад – ең әуелі өзіңді түзету. Ішкі дүниеңді, жүрегіңді тазарту. Болмысыңды қызғаншақтық, қанағатсыздық, сабырсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді күллі жаман қасиеттерден арылтып, олардың орнын көркем қасиеттер егу. Қысқасы, мұсылманның өз нәпсісімен үздіксіз күресі. Себебі, әуелі өз басын түзете алмаған адам, нәпсісін жеңіп, кемел адам болу жолына түспеген жан өзгені қалай тура жолға шақырмақ?!

Сыртқы күрестен бұрын ішкі күресті қолға алудың маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Себебі, адам өзінде жоқ нәрсені басқаға қалай бермек? Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірде соғыстан шаршап-шалдығып келе жатқан сахабаларына «Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық», – деген кезде, сахабалары: «Уа, Расулуллаһ, «үлкен жиһад» деген не?», – деп таңғала сауал қойды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ол – өз нәпсіңмен күрес», – деп қысқа да нұсқа жауап қайырды. Міне, көрдіңіз бе! Неге? Өйткені, нәпсімен күрес қолға қару алып дұшпанмен соғысқаннан да қиын. Олай дейтініміз, сыртқы дұшпанның кім екені, қайда екені, қашанға дейін болатындығы белгілі. Сондықтан, онымен күресу оңай. Ал нәпсің болса, олай емес. Ол сенің ішіңде. Қай жақтан, қалай келіп айласын асыратыны да белгісіз. Оның дұшпандығы белгілі бір уақытпен шектелмейді, әрдайым сенімен бірге. Міне, сондықтан пайғамбарымыз сыртқы дұшпанмен күресті «кіші жиһадқа» теңеп, нәпсімен күресті «үлкен жиһадқа» балаған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) басқа бір хадисінде: «Нағыз жиһад жасаушы кісі – өзінің нәпсісімен күресуші»,– деп нәпсімен күрестің маңыздылығын тағы бір рет айшықтай түскен. Жиһад ұғымы адамнан адамға, қоғамнан қоғамға, жағдайдан жағдайға қарай түрленіп отырады.

Бір дәрігердің өз саласында кәсіби деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі, экономика маманының мұсылмандардың әлеуметтік жағдайларының түзелуі үшін жұмсаған қажырқайраты, мұғалімнің сапалы білім беруі – мұның бәрі жиһадқа жатады. Бүгінгі таңдағы дағдарысқа қарсы еңсеру барысында жасалып жатқан шаралар да жиһадқа жатады. Мұсылмандардың керекті қаржыны тірнектеп жинап, өздеріне мешіт, медресе тұрғызуы; қалталы азаматтардың жоқ-жітіктерге көмектесіп, жетім-жесірлерге қарайласқан істері де Хақ жолындағы күреске – жиһадқа жатады

материал «Жиһад деген не?» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: