25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды

Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды

Күдікпен күрес
Жарнама

Алла Тағала Құран аяттарында өтірік айту туралы былай дейді: «Сондай-ақ өтірік сөзден сақтаныңдар» («Хаж» сүресі, 30-аят), «Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы» («Фәжір» сүресі, 14-аят), «Олар өтірікке айғақ болмайды да, бос пайдасыз сөздерге кездессе маңғазданып өтеді.» («Фұрқан» сүресі, 72-аят).

«Расында, шыншылдық тақуалыққа апарады, ал тақуалық Жәннәтқа апарады. Адам тек қана шындықты сөйлеп, соңында Алла алдында шыншыл деп жазылады. Шындығында, өтірікшілік күнәһарлыққа апарады, ал күнәһарлық тозаққа апарады. Адам өтірік сөйлеген сайын, соңында Алла алдында суайт өтірікші деп жазылады». (Бұхари, Муслим).

Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Асқар Сүлейменовтың: «Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды» деген қанатты сөзі бар. Исламда кешіруге болатын, рұқсат етілетін өтіріктер бар ма?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): Екі адамды жарастыру үшін, яғни, игі ниетпен өтірік айту қайтарылмайды: «Игілік айтып екі адамның арасын жарастырушы өтірікші емес». (Бұхари, Муслим).

Умм Күлсім (оған Алла разы болсын) былай деді: «Оның үш түрлі жағдайдан басқа, еш уақытта өтірік айтуды рұқсат еткенін естіген емеспін – ол соғыс кезінде, адамдарды жарастыру үшін және әйелі күйеуіне сөйлеген кезде және күйеуінің әйеліне сөйлеген кезінде». (Мысалыға, ерлі-зайыптылардың бірі екіншісіне: «Сен бәрінен де әдемісің», - деп айтуы.

Өтірік айту – ең ауыр күнәлардың қатарында.  «Алла Тағала Ақыретте үшеумен сөйлеспейді, оларды тазартпайды және оларға қарамайды, олар:  зинақор қарт, суайт өтірікші басшы және көкірек кедей» (Муслим).

Осы күнге дейін ойланбай айтылған сөзден, өсек пен ғайбаттан қанша адамды ренжітіп, қанша достан айырылып қалғаныңызды санап көріңізші. Ауыздан шыққан зиян сөзден кейін ұйықтай алмай шыққан түндеріңіз көп болды ма? Немесе өзгенің әділетсіз сөзінен жүрегіңіз ауырған сәттерді еске түсіріңіз. Иә, пәле – тілден...

ummet.kz

Бөлісу: