25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Баланы сүннеттеудің пайдасы

Дін және ғылым
Жарнама

Сүннетке отырғызу – әрбір мұсылман баласына таныс ұғым. Ұл баласы бар әрбір мұсылман отбасы ұлдарын сүннетке отырғызып, оны «мұсылман болуыңмен», «жігіт, ер-азамат болуыңмен» деп құттықтап жатқанын жиі естіп жатамыз.

 

Расында сүннетке отырғызу мұсылмандарға тән дүние, алайда ол тек мұсылмандарға ғана тән деп түсіну қате. Бұл амал барша сәмәуи діндерге ортақ, оны әлі күнге шейін яхудилер іске асыратыны сияқты християндардың де кей топтары іс жүзінде қолдануда. Тарих беттеріне көз жүгіртер болсақ християндардың алғашқылары арасында бұл қалыпты жағдай болған. Оның үкімін Иса пайғамбардың (а.с) ізбасарлары халыққа қиындық тудырмау мақсатында алып тастағаны айтылады. Сонымен қатар, тас беттерінде сақталған суреттер ескі Мысырдың бұл амалдан хабардар болғанын көрсетеді.

Сүннетке отырғызу не үшін қажет? Сүннетке отырғызуды екі жақты түсіндіруге болады, біріншісі діни тұрғыдан, екіншісі медициналық тұрғыдан.

 Біріншісі: діни тұрғыда, сүннетке отырғызу – атынан байқалғанындай сүннет амал болып табылады.  Тарихта ең алғаш сүннетке отырған Ибрахим пайғамбар (а.с) болғандығы айтылады. Сол үшін де Ибрахимді (а.с.) пайғамбарымыз деп білген дін өкілдері бұл амалға қарсы келмеген. (Тухфатул-мухтаж)

Сүннетке отыруға қатысты Пайғамбарымыз (с.а.с) айтады:

الختان سنة للرجال

«Сүндетке отыру еркектер үшін сүннет...» (Ахмад).

الْفِطْرَةُ خَمْسٌ أَوْ خَمْسٌ مِنَ الْفِطْرَةِ الْخِتَانُ، وَالاِسْتِحْدَادُ، وَتَقْلِيمُ الأَظْفَارِ، وَنَتْفُ الإِبِطِ، وَقَصُّ الشَّارِبِ

 «Фытри (болмыстық) сүннеттер бесеу: Сүннетке отыру, әурет жердің қылдарын қыру,, тырнақ қырқу, қолтық астын тазалау және мұртты қысқарту» (Бұхари, Муслим).

Сонымен қатар мұсылман адам тазалыққа қатты көңіл бөледі. Ал денедегі артық тері болса астында кіші дәреттің зәрін сақтап, кейіннен ол ішкиімге жайылып тазалықтың бұзылуына, артынша намазың қабыл болмауына әкелуі ықтимал.

Ал екіншісі, медициналық тұрғыға мыналарды жатқызса болады:

  • Жыныстық мүшенің басындағы тері зәр шығару процесіне кедергі жасауы мүмкін.
  • Артық тері астына зәр жинақталады. Кей жағдайларда ол жыныс мүшесінің бас жағын толығымен қоршап алады да теріде ісік пайда болады. Ол жыныс мүшесінің сезімтал жеріне қанның келуін тежейді. Бұл жағдай орын алғанда артық теріні міндетті түрде ота жолымен алып тастау керек.
  • Жыныстық жасқа жеткен адамдар қатынасқа кірген сайын артық терісін жинақтауы керек. Ал сүннетке отырғызу бұл мәселені түбегейді шешеді.
  • Көптеген ғылыми зерттеулер барысында «ЖИТС» сынды жыныстық қатынас жолы арқылы тарайтын аурулардың жолын бөгейтіні анықталған. Себебі сүннеттелген адамда вирус саны едәуір аз.
  • Артық терісі кесілген жыныстық мүшені тазалау әлдеқайда оңай. Себебі онда зәрдің уы мен ластығы сақталмайды. Бұл адамдар жыныстық мүшелерінің терісінің қайта-қайта ісінуінен шағымданбайды.
  • Сонымен қатар, артық терісі болмаған адамдардың жыныстық серіктерінде жатыр мойнының қатерлі ісікке бой алдырғаны байқалмаған.

Ummet.kz

Бөлісу: