01
Жұма,
Қараша

һижри

1 жақсылыққа 10 жақсылық

1 жақсылыққа 10 жақсылық

Ғибратнама
Жарнама

Бір күні Хазреті Фатима (р.а.) науқастанып қалады. Хазреті Әли (р.а.) оның көңілін аулап: Не жегің келеді? – деп сұрады. «Анар жегім келеді» - дейді Хазреті Фатима (р.а.).

Хазреті Әлидің  (р.а.) анар сатып алатын ақшасы жоқ еді. Базарға барып, қарызға бір анар сатып алады. Үйіне келе жатқанда бір адамға жолығады. Ол өте науқас екен. Жолда жүре алмай құлапты. Әлгінің қасына жақындаған Әли (р.а.) «Ей, қария, не жегің келеді?» - деп сұрайды. Ол: «Мен бес күннен бері осы жерде жатырмын. Әлім құрып құлап қалдым, жүре алар емеспін. Адамдар қасымнан өтіп жатыр, бірақ ешқайсысы мені көздеріне де ілмеді. Менің анар жегім келіп тұр» - деді.

Әли (р.а.) не дерін білмей дал болады. Өз-өзіне: «Фатима үйде анар жегісі келіп жатыр. Егер мына кісіге берсем, Фатимаға не беремін? Ал егер бермесем, Алла Тағаланың «Сұрағанның меселін қайтарып, құр тастама» (Дұхан сүресі, 10) деген әміріне бағынбаған боламын ғой. Әрі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ат үстінде келсе де, бір нәрсе сұрап келгенді құр жіберме» деген әмірі де бар ғой» деп анарды әлгі қарияға жегізеді. Сөйтіп қария өңі кіріп, ауруынан айығады.

Хазреті Әли (р.а.) құр қол келе жатқаны үшін Фатимадан (р.а.) ұялып, үйіне келеді. Хазреті Фатима (р.а.) шырайланып орнынан атып тұрып, Әлиді бауырына басып: «Неге мұңаясың? Сен ол қарияға анар жегізген кезде менің де анарға деген жерігім басылды» - деді. Хазреті Әли (р.а.) жайдарланып сала берді.

Арада аз уақыт өткесін біреу есікті қағады. Әли есікті ашса қарсы алдында Салман Фариси (р.а.) тұр, қолында үсті жабылған табақ бар. Табақтың бетін ашса 9 анар салынған екен. Хазреті Әли (р.а.): «Ей, Салман, егер мынау мен үшін болса 10 болуы керек еді. Өйткені Алла Тағала  «Кімде-кім жақсылық жасаса сол жақсылықтың 10 есесін алады» (Әнғам сүресі, 160) деп бұйырған», - дейді. Сол кезде Салман Фариси (р.а.) күлді де қалтасынан бір анарды шығарып: «Уаллаһи, анар 10 еді. Мен сені сынау үшін біреуін тыққан едім» - дейді.

Ummet.kz

Бөлісу: