25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла Тағаланың өзгермейтін қағидалары

Алла Тағаланың өзгермейтін қағидалары

Ақида
Жарнама

Жер бетінде болып жатқан барлық құбылыстар, Алланың барлық нәрсені қамтитын білімі мен шексіз хикметінің шарты ретінде, қойған заңдылықтарының шеңберінде жүзеге асады.

Ешбір оқиға немесе ешбір адам осы заңдылықтан сыртқа шыға алмайды. Алла, адам баласына осы заңдылықтарды ашатын мүмкіншіліктер мен қабілеттер берген. Олай болса адамның міндеті, осы заңдылықтарды ашу үшін қажетті қадамды жасау болып табылады.

Адамның басына келген қиыншылықтар мен қасіреттер, кейде өзінің қателігі, кейде сынақ сырының бір шарты ретінде жүзеге асады. Олардың барлығы, белгілі бір заң шеңберінде. Адам баласы басына түскен қиыншылықтар мен қасіреттердің қайсы өзінің қателігінен, қайсы өзіне қатысты емес себептерден туындап жатқандығын ажырата алатындай шамада жаратылған. Сол себепті өзінің жауапкершілігін тағдырға таңу үшін сылтау айту хақы оның қолына берілмеген. Сондай-ақ, Алла, қиямет күні кәпірлерге былай дейді: «Ей жоққа шығарушылар (кәпірлер)! Бүгін сылтау айтпаңдар; тек істегендеріңнің қарымтасын көресіңдер».

Адам баласының осы дүниеде де ақырет дүниесінде де өзінің қателіктерінің қарымтасын өтеуі Алланың заңы. Сол себепті кәпірлер мен мүшриктерге қарсы соғыста жартылай жараланған  мүминдерге Алла былай бұйырады: «Бәдірде екі есесін дұшпандарыңның басына әкелген қасірет, Ухидта өз бастарыңа келгені үшін «Бұл қалай болды?!» дейсіңдер ме? Айт: Ол, өз кемшіліктеріңнен. Шүбәсіз Алла барлық нәрсеге құдыретті».

Осы бір ақиқат басқа бір аятта жалпылама бір заң ретінде былай баяндалады: «Бастарыңа келген қандай да бір қасірет, қолдарыңмен істегендерің себепті. Ол, сонда да көбін кешіреді».

Иә, басымызға түскен барлық ахуал Алланың заңдары щеңберінде жүзеге асады. Ауыр зілзалалар сияқты олардың жойқын нәтижелерінен сақтану да заң шеңберінде. Сондай-ақ, жойқын зілзалалар, Жапония сияқты осы заңдылықтарды ашып, ғимараттарын соған сай салатын дамыған елдерде; жойқын болып саналмайды.

материал «Алланың әділдігі және рахымы тұрғысынан

жамандық және қасірет» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: