26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Үш жасар қыз ең ақылды адамдардың тізіміне енді

Мақалалар
Жарнама

Үш жасар Алексис Аризона штатының Круин-Крик атты қаласында тұрады. Өзінің жастығына қарамастан үш жасар Алексис Мартин (Alexis Martin) интеллекті жоғары адамдарды тізімге алатын халықаралық Менса (Mensa) ұйымының мүшесі атанды.

Алексис IQ тест бойынша атақты ойшылдар – Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтен де асып түскен.ABC15-тің хабарлауынша, мұнда ілігудің бір-ақ жолы ол – IQ тест тапсыру. Көрсеткіш жергілікті тұрғындардың 98 пайызынікінен жоғары болуы керек.
Орта есеппен адамның IQ деңгейі 100 балл болады.

 

Алексис 160 балдан жоғары нәтиже көрсеткен. Мамандардың айтуынша, ол тестті жылдам шешкені сонша, оның зияткерлігінің деңгейін нақты анықтау мүмкін болмаған. Дәрігерлер сәбидің IQ деңгейі әлем халқының 99,9 пайызының деңгейінен жоғары екенін айтады.
         Айта кету керек, Алексис IQ бойынша атақты ойшылдар – Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтен де асып түскен. Олардың деңгейі – 160 балл.Алексис Мартин 2 жасында әріп тани бастаған. «12-18 айлығында мен оны көлігіме отырғызып алып жүретінмін. Жолда ол өзім түнде ұйықтар алдында оқып беретін ертегілерімді қайталап айтып беретін»,-дейді бүлдіршіннің әкесі.Оның айтуынша, Алексис қазір бесінші сынып оқушысы оқитын кітаптарды оқып жүр. Әрі өз бетінше испан тілін де үйреніп жүрген көрінеді.

Бөлісу: