25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлиасаъ пайғамбар (а.с.)

Әлиасаъ пайғамбар (а.с.)

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Құранда Әлиасаъ туралы екі жерде айтылады. Бірі: «Исмайыл, Әлиасаъ, Жүніс және Лұтты тура жолға түсірдік. Барлығын әлемге ардақты еттік»[1] болса, бірі «Исмайылды, Әлиасаъны Зүлкифлді есіңе ал. Бұлардың бәрі ардақты кісілер»[2] деген аяттар.

Әлиасаъ хазірет Исадан сегіз ғасыр бұрын дүниеге келген. Ал, Илияс өмір сүрген дәуір Әлиасаъдан әлде қайда бұрын. Хазірет Илияс қаладан кеткен соң, айналадағы ауылдарға барып, Тәуратты жасырын үйретеді. Бір күні ол бір ауылдағы кәрі кемпірдің үйіне қонаққа келеді. Кемпірдің Әлиасаъ деген баласы болатын. Сол күні ол қатты ауырып төсек тартып жатқан еді. Хазірет Илияс сол баланың науқасынан айығуы үшін, қолын жайып Хақ Тағаладан дұға тілейді. Дұға қабыл болып, Әлиасаъ жазылып орнынан тұрып кетеді. Одан кейін ол Илиясқа иман келтіріп, одан Тәуратты үйренеді. Илияс қайтыс болған соң, ол Исрайыл еліне пайғамбар етіп жіберілді.

Әлиасаъ (а.с.) ғұмырының соңына дейін бар күш-жігерін жұмсап Исрайылұлдарын таухид дініне шақырды[3]. Алайда онысынан ешбір нәтиже шықпады. Кейін Хақ тағала оларға пәлекет жіберді[4].

Материал «Пайғамбарлар тарихы» кітабынан алынды.

Ummet.kz


[1] «Әнғам» сүресі, 86

[2] «Сад» сүресі, 48

[3] Әбулфида, әл-Бидая уән-Нихая, ІІ/4.

[4] А.Л.Казанжы. Пейгамберлер халкасы. 191-бет

Бөлісу: