25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сүннетті іс жүзінде жүзеге асырудың маңызы

Сүннетті іс жүзінде жүзеге асырудың маңызы

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Ұлы Жаратушының пенделеріне жіберген жолдауы мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүннетінің сырына «Бақыт ғасыры» тұрғысынан және ширек ғасыр ішінде жасалған мұғжизалық рухани төңкеріс тарапынан тағы бір рет қайта үңіліміз қажет.

«Қайта үңілу» сөзі арқылы айтқымыз келген нәрсе – бүгінгі таңдағы мұсылмандардың басындағы түйткілдердің түйінін шешіп, шарасыздықтан құтылуларына себеп болатын бір шешім іздеу. Заманымыздың озық ойлы ғалымдарының бірі Бәдуиззаман Саид Нұрси ұсынған тәсілмен үңілу һәм оқу, яғни бір жағынан иләһи ескертулердің мән-мағынасына терең ой жүгіртіп оқу, екінші жағынан Алла Тағаланың бұл дүниеге орнатқан заңдылықтарын яғни, жаратылыс кітабын да дәл солай жіті көңіл бөліп оқу. Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүннетіне зер салып талдап қарайтын болсақ, оның екі кітапты терең оқығандығын байқаймыз. Мекке кезеңінің саяси шиеленіске толы қиын-қыстау жағдайында жоқ жерден шешім тауып,

«Жамандықтың қарымын әрдайым жақсылықпен қайтаратындар»18 секілді ұстанымы арқылы небір қиындықтарды Ұлы Жаратушының жәрдемімен сары майдан қыл суырғандай етіп оп-оңай шеше білді. Мысалы, Бәдір шайқасында Хубәб ибн Мунзирдің ұсынысымен әскерін құрайыштықтарға ең жақын құдықтың басына орналастыру арқылы соғыстың ұтқыр стратегиясын қолданған. Ал Хандақ шайқасында «Соғыс – тактика мен жаңылдырудан тұрады» деп, дұшпанды састыратын тәсіл қолданудың маңыздылығын білдірген. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы секілді көптеген ұтымды әрекеттері оның Алла Тағаланың жәрдемі мен қамқорлығына жүгінуінің нәтижесі. Сонымен бірге өзі де ырыққа бой алдырмай, себеп-салдар заңдылығын қатаң сақтағандығын көреміз.

Сүннетті қазіргі таңдағы ислам әлемінің түйткілдерін шешуде ең басты құрал ретінде ұсына отырып, жоғарыда аталып кеткен шариғат пен табиғат заңдылықтарын бірге қарастыруды қолға алған жөн. Жалпы дұрыс оқи білу, дұрыс түсіну және оны жүзеге асыру – материалдық һәм рухани жетістікке жетудің төте жолы болып табылады. Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұсынған осы тәсілінен мұсылмандар соңғы бірнеше ғасырда алыстағандықтан, өкінішке қарай, орын алған қиыншылықтардың және материалдық тоқыраудың негізгі себебі дін деп есептелді. Ал негізінде бұл қателіктің себебі шариғатты біліп, алайда табиғат заңдылықтарына және себептерге тиісінше көңіл аудармаған біздерге, яғни адамдарға байланысты. Сенімі қанша жерден дұрыс болса да табиғат заңдылықтарына көңіл бөлмеген адам міндетті түрде қателікке ұрынады. Мысалы, жаратылысы судан тұратын бір мақлұқ суға мұқтаж екендігін біле тұра суды ішуден бас тартар болса, онда ол бұл өмірмен қош айтысары белгілі. Себебі, ол қарапайым заңдылықты сақтамады. Сондықтан да суннәтуллаһты, яғни бұл дүниедегі заңдылықтарына бағына отырып Аллаға сыйыну, Алланың қолдауы мен қорғауын сұрау – өмірді және Пайғамбар сүннетін дұрыс зерделеу, оған дұрыс үңілу болып табылады.

материал «Сүннет – пайғамбар жолы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: