25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мен үшін не істедің?

Мен үшін не істедің?

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Бірде Алла Тағала Мұса пайғамбарға: «Әй, Мұса! Мен үшін жасаған амалың бар ма?» - деп сұрайды. Мұса (а.с.) «Уа, Раббым! Сен үшін намаз оқыдым, ораза ұстадым, садақа бердім, сәжде жасадым. Саған мақтау айттым, кітабыңды оқыдым, сені еске алдым», - деп жауап берді.

Мұны естігенде Алла Тағала: «Әй, Мұса! Мұның бәрі өзің үшін: намаз – сенің жолкөрсетушің, ораза – қалқаның садақа – өзіңе көлеңке, сәждедегі айтқан тәсбиқтарың – жұмақта өзіңе саялы ағаш болады. Кітабымды оқуың сәнді сарай мен хор қызына қолыңды жеткізеді. Мені еске алуың өзіңе сәуле болып жарығын төгеді. Ал сонда таза Мен үшін не істедің?»

Мұса пайғамбар (а.с.) сасқалақтап: «Уа, Алла Тағалам! Сен үшін жасалатын амал болса, білдірші, мен соны жасайын?» - деп сұрайды. Сонда Ұлы жаратушы: «Әй, Мұса! Мен үшін біреуді өзіңе дос тұта білдің бе?!» - деді.

Сонда барып Мұса пайғамбар (а.с.) Алла Тағала жақсы көрген пендесін жақсы көрудің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізді.

Ummet.kz

Бөлісу: