25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Исламның бүгінгі бет-бейнесіне айналған Мұхамед Салах

Мысыр футбол құрамасының ойыншысы, “Ливерпуль” клубының шабуылшысы Мұхамед Салахты бүгінгі Исламның бет-бейнесі көретіндер аз емес.

Зәйнәб Хузәймақызы – мейірімділік пен қайырымдылық анасы

Ол Алла елшісінің (с.а.с.) үйінде бар-жоғы 8 ай тұрып, жарық дүниемен қош айтысқан. Зәйнәб Бәдір соғысында жекпе-жекте шәһид болған Ғұбайда ибн Харис әл-Мутталибидің (Алла оған разы болсын) жесірі еді. Зәйнәб күйеуі шәһид болған кезде жаралыларға көмек көрсетіп, жарақаттарын таңумен шұғылданып жүргенді.

Пайғамбардың (с.ғ.с) үлкен қызы – Зәйнәб Кубра

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хадиша анамыздан төрт қыз, екі ұл көрген. Өкінішке қарай, ұлдары Қасым мен Абдуллаһ жастай дүниеден өтеді. Ал қыздарының ең үлкені Зәйнәб еді. Сондықтан да ол Зәйнәб Кубра (Үлкен Зәйнәб) деп аталатын. Кейінгі қыздары Руқайя, Умму Кулсум және кенжесі Фатима Заһра, Алла оларға разы болсын!

Ол – Имам Ағзамнан кейінгі үлкен ғалым

Имам Матуриди өмір сүрген кезең Аббаситтер мемлекетінің əлсіреп, соның нəтижесінде бірқатар Ислам мемлекетінің пайда болған уақытпен тұспа-тұс келді. Маураннаһрда Саманидтер мемлекетінің құрылғаны тəрізді, бастапқыда Иран, Хорасан, Систан жəне Кирманды құрамына алған Саффариттер мемлекеті пайда болған.

Әбу Ханифаның үкім шығаруда  ақылға сүйенуі

Әбу Ханифа (р.а.) – адамзатқа мейірімі мол ғұлама. Оның ұлағаттылығы ілімде ғана емес, қоғамға тән істерде де өз орнын тапқан. Құран және сүннет ілімінің тереңінен сусындағандықтан оның жемісті пәтуәлары қаншама?!

«Алланың арыстаны» атанған ардақты сахаба

“Ертең байрақты Алла және Расулы жақсы көрген, ол да Алла мен елшісін жақсы көретін араларыңдағы біреуге беремін. Алла оның көмегімен жеңіске жеткізеді”. (Хадис)

«Сенен кейін бізге ешнәрсе қалмады ғой»

Әбу Бәкір ас-Сыддық (р.а)  көптеген қасиеттер мен кереметтей мінез-құлықтардың қожайыны. Әрі оның жаны ізгі амалға құштар еді. Ол  - құрметтілер мен игілерге үлгі.

Сахабалар көрген азаптар

Мүшриктер тек пайғамбарымызға ғана емес, оның қадірлі сахабаларына да жәбір көрсетіп, зорлық-зомбылық жасайтын. Әсіресе, кедей, ешкімі жоқ сахабаларға ойларына келген нәрселерді тартынбай істеп, ақылға сыймайтын қиянаттар мен азаптар көрсететін. Сондай жәбірленушілердің бірі Біләл Хабәши (радиаллаһу анһ) болатын.