25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әбу Ханифаның үкім шығаруда  ақылға сүйенуі

Әбу Ханифаның үкім шығаруда  ақылға сүйенуі

Ислам жұлдыздары

Әбу Ханифа (р.а.) – адамзатқа мейірімі мол ғұлама. Оның ұлағаттылығы ілімде ғана емес, қоғамға тән істерде де өз орнын тапқан. Құран және сүннет ілімінің тереңінен сусындағандықтан оның жемісті пәтуәлары қаншама?!

Имам Ағзам пәтуаларына дәлел етіп рауилар тізбегі үзілмеген хадистерді іріктеп алатын. Имам Ағзам заманында ғұламалар – «аһлі хадистер» және «аһлі райлар» болып екі мектепке бөлінген болатын. Олардың араларындағы тартыс тек жақсылық мақсатында еді. Сондықтан да бұл екі мектеп өкілдерінің арасында ешқандай да реніш тумаған. Басты мақсаты тек қана ислам ақиқатын жетік әрі дәлдікпен тура баяндау болғандықтан кез-келген тартыс, пікірталастары өзара құрмет пен әдептілік шегінен шықпайтын еді.

Әбу Ханифа өмірінің соңғы жылдарында аталмыш екі топтың өкілдері өзара пікірталасуларын тоқтатып, жалпы мұсылмандарға пайдасы молынан тиетін үкімдерге көздері жеткен соң келісе бастады. Имам Ағзам ижтиһад ету тәсілін қысқаша: Мен үкім шығаруда ең алдымен Құран Кәрімді бірінші орынға қоямын. Егерде аталмыш сұрағыма Құран аяттарында анық жауап болмаса, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінен іздеймін. Онда да мәселем  шешілмесе, сахабалардың сөзіне жүгінемін. Мұндай жағдайда, сахабалардың ішінен өзім қалаған кісінің сөзін аламын. Қайсы сахабаның сөзін қабылдау, қабылдамау өз еркімде, – деп баяндаған.

Шындығында Имам Ағзам Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың сүннетінен, сонымен қатар сахабалардың сөздерінен таба алмаған мәселеде өз ілімі мен ақылына сүйеніп шешуге толық құқылы мүжтаһид ғұлама еді.

материал «Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: