25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сахабалар Ардақты Расулдың ізгі мұрагерлері бола білді. Расулға толық бағыну арқылы олар ақиқатты ұстанды, дәріптеді әрі Алланың қалауымен адамзатты шуаққа бөледі. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ерекше құрметіне ие болған сахабаларының бірі Сағд бин Әбу Уаққас (р.а.).

Әбу Бәкірдің (р.а.) халифа болып тұрған кезіндегі жасаған қызметтеріне қысқаша тоқтала кеткен жөн. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтыс болмастан бұрын Ямама, Йемен және басқа да жерлерде жалған пайғамбарлар шыға бастаған еді. Олар тайпаларын өздерінің ырқына бағындырғысы келіп, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көз жұмуын пайдаланып, әрекетке көшті. Әбу Бәкір (р.а.) оларға әскер жіберіп, жаңадан бой көтеріп келе жатқан бүлікті басып тастады.

Әбу Бәкірдің (р.ғ.) қарапайымдылығы, кішіпейілдігі мен әділдігі халифа болып тағайындалғаннан кейін де бір мысқал өзгермеді. Ол өз күнін өзі көріп, отбасының нәпақасын өз маңдай терімен табудың жолдарын ойлап, соған ұмтылды, мемлекет қазынасынан ақша алу үш ұйықтаса түсіне кірмейтін. Ол  саудамен айналысқысы келді.

Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) халифа болған соң Пайғамбарымызға (с.а.у.) деген ыстық ықыласын суытпай, мойнына жүктелген қызметті атқаруға кірісіп кетті. Ең алғашқы ісі – Пайғамбарымыздың (с.а.у.) аяқтай алмаған ісі – Усаманың басшылығындағы әскерді Сирияға аттандыру болды. Сахабалардың кейбіреулері сол кездері пайда болып келе жатқан “жалған пайғамбарлар” мәселесін алға тартып, әскердің жорыққа аттануын кейінге қалдыруды ұсынды. Бұған халифа Әбу Бәкір:

Пайғамбарымыз төсек тартып жатқанда сахабалар жағдайын сұрап, жиі-жиі үйіне барып тұратын. Араларында Әбу Бәкір де болған сондай зияраттардың бірінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларға:

Ержан қажы Малғажыұлы, 
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы,  Бас мүфти 

Хазреті Омар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде таң намазын оқып жатып, шаһид  болды. Атақты сахабаны Әбу Лулуа ал-Мажуси деген кісі өлтірді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Омар (р.а.) жайында үш түс көреді.

Ислам тарихында ең алғашқы ірі бүліктер мен мұсылмандардың жік-жікке бөлінуі үшінші халифа Хазіреті Османның (р.а.) өлтірілуінен кейін басталды. Ел арасында харижиттік пікірлер мен көзқарастардың пайда болғанын байқаған сәтте-ақ көзі ашық ғалымдар мұсылмандарды Алланың тура жолынан аумауға шақырып, харижиттердің адасуын түсіндіруді міндет деп есептеген. Өкінішке орай, бүгінгі күні біраз бауырларымыз білместікпен харижиттік ағымдардың ығына кеткенін байқамай жүр.