25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) саясат пен ел басқаруындағы жетістіктері

Пайғамбардың (с.ғ.с) саясат пен ел басқаруындағы жетістіктері

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Алла Елшісінің (с.ғ.с) бұл қасиеті де үлкен мемлекет адамы ретінде өзінен бұрынғы пайғамбарлардан ерекшеленіп, көзге ұрып тұратын еді.

Осы қырымен Ол Мәдинада көбірек көзге түседі. Өйткені, ол жерде орын алған оқиғалар бір үмбеттің пайғамбары, мұнымен қоса әскер басы, әрі мемлекет басшысы болуына итермелеп, саяси әрі әлеуметтік өмірге қатысты заң жобаларын ретке келтірген болатын. Меккеде дінге шақыру енді басталған кез еді. Сондықтан жаңа шариғат адамдарды Алланы тануға және Оның азабын еске алуға шақырған еді.

Мәдина үкіметі тек Алла ризалығы үшін алдымен екі рет Хабешистанға, кейін Мәдинаға көшкен мұхажирлер мен Меккеде Ақаба төңірегінде Онымен қол ұстасып екі рет байғат еткен ансардың қолында құрылған еді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Мәдинада орнатқан «Мұхаммеди мемлекет» ішінде тәрбиелеген «Үлгі үмбет» тұқымы міне осылар еді. Бертін келе Исламның сол ғажайып мемлекеті осы тұқымның жетілген негізі ретінде құрылған болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Хира үңгірінде періште дыбысынан оянғаннан бастап, Ислам дінін ең тамаша күйде әлемге баяндауы мен жүзеге асыруына дейін, Меккеде болсын, мейлі Мәдинада болсын әрқашан көздеген мақсаты ашық, қабілетті, ақылды және үлкен саясаткер бола білген ұлы тұлға еді.

Меккеде сол жердің әдет-ғұрпын пайдалануды лайық көріп, немере ағасы Әбу Талибтің қамқорлығы астында өмір сүрді. Таифтен қайтарда тағы да мүшрік Адиұлы Мутғимнің қамқорлығын аңсап, қайтадан Меккеге келіп, соның қамқорлығында болады.

Және Ол Меккеде пұттарды жою мақсатында тағы да солардың жүйелерін пайдаланған, әрі Меккеде де сол мақсатпен (Ислам мемлекетін құру) өзі мен сахабаларын қорғау үшін сол жердің халқын тәртіпке салып, олармен келісім шарттар жасасып, жәрдемдерін алған.

Әр түрлі жағдайда Исламды үстем қылу мақсатындағы жалғыз жол және жалғыз игілік: «Иләһи көмек пен қайыр» болатын.

Меккеде он үш жыл бойы босаңсытпай, әрі үмітсіздікке түсірмей Оны азулы жауларына қарсы тұрғызған, ал Мәдинада өмірге қарасты кәміл бір жүйе орнатуын қамтамасыз еткен Оның теңдессіз рух жігері мен құдіреті еді. Бұлар Оның уақыты келгенде әр түрлі қиындықты жеңе білетін күш-қуат пен құдірет иесі екендігінің ең жарқын дәлелі.

Өзінен бұрын ешкімде болмаған осы рухани күш пен қасиеттер, қай жақтан қарасаңыз да, Оның ұлы ахлақтыүлкентұлғаретінде танылуына себеп болған. Осы қасиеттердің барлығы да Алла Елшісінің жәбір-жапа көре отырып дінге шақыру кезінде де, Мәдинадағы басшылық, төрағалықпен қатар жүрген дінге шақыру кезінде де бар еді.

Осы қасиеттерімен әрқашан жетістіктерге қол жеткізген, бар болмысымен Аллаға бет бұрып, Одан басқа нәрседен (мәсиуа) бойын аулақ ұстай білген таңдаулы, теңдесі жоқ әрі ұлы көсеміміз болды.

Барлық қайыр-дұғалар және сәлемет Пайғамбарымызға, оның жанұясына және сахабалары мен әулетіне болсын!

материал «Пайғамбар (с.ғ.с) және оның іс-әрекеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: