25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Пайғамбарлар денесі шірімейді» деген рас па?

«Пайғамбарлар денесі шірімейді» деген рас па?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Хадисші Ибн Абдбир (Алла оған разы болсын):

«Пайғамбарлар мен шейіттер денесі шірімейді деген риуаят бар. Ұхуд ғазауатындағы шейіттердің оқиғасы бұған бір өрнек. Мұның барлығы Алланың үкімі мен хикметі», - деген.

Шарх Тахауиде: «Сүннеттерде риуаят етілгеніндей, Алла Тағала жерге пайғамбарлардың денесіне тиісуіне (шірітуіне) тиым салды» деп жазылған. Әнәс (Алла оған разы болсын) әңгімелейді, мұсылмандар Тустар қаласын фатх еткенде табытта бір адамның денесін тауып алады. Сонда жергілікті жұрт: «Осы табыттағы адамды алып шығып Құдайдан жеңіс және жаңбыр тілейтінбіз», - деп айтады. Әбу Мұса жағдайды халифа Омарға хатпен жеткізеді.

Хазреті Омар: «Ол – пайғамбарлардың бірі. От пайғамбарлардың денесін жемейді (өртемейді), жер де пайғамбарларды жемейді (шірітпейді)», - дейді де Әбу Мұсаға: «Жолдасың Әнәс екеуіңнен басқа ешкім білмейтін орынға жерлеңдер», - деп тапсырма береді. (Ибн Әбу Шайбә) Деректерде сахабалар тапқан дене Даниял пайғамбар деседі.  

материал «Пайғамбарымызды (с.ғ.с)  танисыз ба?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: