25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Салауатты қай кезде көбірек айту керек?

Салауатты қай кезде көбірек айту керек?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Сендердің ең абзал күндерің – жұма. Бұл күні Адам жаратылған, осы күні дүние салды. Жұмада бүкіл тіршілік қайта жаратылады, осы күні барша жан заттың жаны алынады. Жұмада маған салауатты көбейтіңдер. Сендердің салауаттарың маған ұсынылады», - дейді. Сонда: «Уа, Алла елшісі! Біздің салауаттарымыз сізге қалайша көрсетіледі, егер сүегіңіз жоқ болып кетсе?», - дейді біреу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала жерге (топыраққа) пайғамбарлар денесін харам етті (шірімейді)», - деп жауап берген еді.

Сондай-ақ, Абдулла бин Әуфа (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте: «Маған жұма күні салауат айтуды көбейтіңдер. Ақиқатында, маған жетіледі және естимін», - деген.

материал «Пайғамбарымызды (с.ғ.с) танисыз ба?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: