26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Саум уисал – ораза арқылы күндізді түнге жалғастыру

Саум уисал – ораза арқылы күндізді түнге жалғастыру

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Саум уисал – ораза арқылы күндізді түнге жалғастыру, бүгінгі күнді ертеңге ораза арқылы қауыштыру.

Саум уисал оразаның уақытқа атой салуы, ораза ұстаушының шектен асуы, уақыттың оразаға бағынған өмір деңгейі. Ораза туралы ой саум уисалда ауызашу тәбетін басады, ауызашарды жоқ деп санап, ораза ұстаушы ораза мезгілінде күші жеткенше жүреді, жүрегі көре алғанынша ақиқатты тамашалайды, бір күні жолы ауызашарға түскенде, «радия» мен «мардия» дастарханында нығметтің дәмін келтіреді.

Саум уисал Дәуіт пайғамбардың бір күн ораза ұстап, бір күн ауыз ашуымен өмірге негізделген оразасын сол тұғырынан алып, «үздіксіз ораза», «жалғасымды ораза» сапарына шығу деген сөз. Осы жағдайымен ораза – қасиетті өмір сүру тәсілі, құлшылықты тереңнен ұғыну, өмірдің нұрлы жағын ұстану талпнысын білдіреді. Саум уисал адам қалпына зиян тигізбестен пенделіктерден арылу әрі нұрға қол жеткізу талпынысы. Сөзді қорыта келгенде, мынаны айтуға болады: саум уисал – ораза арқылы бұл әлемде ақыретпен ұштастырып, руханияттың мәңгілік әрі шексіз ләззаттар дастарханында өмір сүре білу.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) саум уисалға көбіне Рамазан айының соңғы он күнінде көбірек мән беріп, түгесілмейтін оразаға көшетін. Оның саум уисал ұстанғанын көрген сахабаларымыз да Алла елшісіне (с.ғ.с) еліктеп, оразаға ниет ететін. Алайда Алла елшісі (с.ғ.с) оларға рұқсат етпейтін. Оларға жанашырлықпен әрі мейірімділікпен қарағандықтан,, алып жүруге қиынсынатын міндетті артқысы келмейтін. Олардың бұл әрекеті саум уисалды жалпыға тән әдетке айналдырып жіберуі де мүмкін еді. Сондықтан үнемі уахи негізінде әрекет жасайтын Алла елшісінің (с.ғ.с) сахабаларына саум уисалды ұстатпауының себебі де осы тұста айқын аңғарылуда.

Алла елшісінің (с.ғ.с) оразасы аштықтан кейін тоқтыққа ұласатын, аш қалу арқылы артқан тәбетті уақыты келгенде тойдырып қанағаттандыру деп түсіндіруге келетін ораза емес еді, сондықтан ол ашығу мен тоюмен ғана шектелетін ораза ұстамаған. Ол оразаның пайғамбарлықтың материядан асып кететін жағын көрсететін киелі бетбұрыс ретінде қарағандықтан, ұстаған оразаларының ауызашармен шектелмегендігі өзгелерді таңырқатпауы тиіс. Өйткені, ораза ол үшін пенделік қасиеттерден арылып, рухымен тыныстаған белсенді өмір салаларын білдірген. Осы себепті оразасын барынша соза түсіп, осы арқылы кең тыныстауымен өмірдің мәңгілікке қарайтын жақтарына тереңдейтін.

материал «Пайғамбар құлшылығы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: