26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла Елшісі (с.ғ.с) және сахабалар қалай киінген?

Алла Елшісі (с.ғ.с) және сахабалар қалай киінген?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Абдуррахман ибн Әбу Ләйла былай әңгімелейді:

«Хазірет Омармен бірге отырғанда, ол былай деген еді: «Әбул-Қасымның (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жеңі тар Шам көйлегін кигенін көрдім».

Бұл турасында Сәләма ибн Әкуаның әңгімесі: «Осман ибн Аффан тізесінен сәл төмен көйлек киетін және былай дейтін: «Сүйікті Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көйлегі осындай еді».

Жәбір былай әңгімелейді: «Мекке алынған күні Алланың елшісі қалаға қара сәлдемен кірді». Үммі Сәләма былай әңгімелейді: «Алланың елшісі басқа киімдерге қарағанда көйлекті көбірек ұнататын».

Алла елшісінің жаңа киім кигенде айтатын тілегі

Омар (р.а.) былай әңгімелейді: «Бірде Расулалла шыт жаңа киім киіп жатып былай дұға етті: «Әбиүрімді жауып, көркіме көрік қосқан мына киімді маған кигізген және нәсіп еткен Аллаға шүкір етемін. Аллаға ант етем, киімін жаңасына ауыстырып тұрып, мен секілді дұға еткен мұсылман баласы ескі киімдерін кедейлерге беретін болса, сол киімінің әр сабақ жібі үшін сауап алады, әрі кедейдің иінінен қашан түскенше, мына өмірде, ал ажал құшса, ана дүниеде Алланың қорғауында және Аллаға жақын болады».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: