Проблема шешу – әр кезде әрқалай болуы заңдылық. Рас қой, кейде қаржылай көмек керек, проблеманы шешетін сол. Кейде жәй ғана сырласу проблеманы жеңілдетіп, адамды қанаттандырып жіберуі мүмкін. Кейде жігіт таңдау жасай алмай қиналады. Сенен бұрын бұл жолды басып өткен жігіт ағаларының көмегіне жүгін – олар тәжірибе биігінен дұрыс кеңес берер.
«Жасампаз жандардың жеті дағдысы» дейтін әлемнің қырық тілінде, отыз миллионнан астам тиражбен сатылған кітаптың авторы Стивен Кови ұсынған «өзара тәуелділік» деген мүсінік бар. Қысқаша қазақыландырғанда мағынасы былай:
Өмірдің өзі бірлесіп өмір сүру, тізе қосып тірлік қылудан тұрады. Тиімділікті максимумға шығару үшін тәуелсіз болу, яғни жеке-дара қимылдау жеткіліксіз. Теннис ойнауға гольф таяқшасын қолданғандай әбіржітетін әрекет. Селбесіп, қолтықтаса қимылдау – нағыз піскен, тәжірибелі жандардың таңдауы. Мысалы, аяқ-қолым балғадай, он екі мүшем сау кісі болсам да, өзім сияқты келесі бір азаматпен күш біріктіргенде тиімділігіміз жеке-жеке кезіміздегіден әлдеқайда жақсаратынына сенімдімін. Ал егер эмоция тұрғысынан алсақ, менің келесі жанды жақсы көруім – оған қуаныш сыйлайды. Мені де біреудің сүйетінін сезіну – менің де жанымды жылытады. Интеллектуалдық жағынан келсек, жақсы жандардан үйренеріміз көп. Өзіміз де бойымыздағы білім-білігімізді айналамыздағылармен бөлісуіміз керек. Күш біріктіру – тәуелділік емес, керісінше, тәуелсіз адамдардың таңдауы, - деп сабақтайды ойын Кови мырза.
Шынында да, әлсіз адамдар ғана көмек сұрамайды. Көмек сұрағаннан ешкім тақтан құлап, ешкімнің хандығы тарап кетпейді ғой. Басты сауал – көмек сұрағаннан не жағдайға жетесіз немесе сұрамасаңыз не болады? Суық ақылмен, санаңызға салып таразылап шешіңіз. Өмір – бір-біріне қамқор жандармен сәулелі...
материал «Идеал жігіт» кітабынан алынды,
ummet.kz