03
Жексенбі,
Қараша

һижри

Жәннат пен жаһаннамды болашақтан іздеме

Жәннат пен жаһаннамды болашақтан іздеме

Ислам тарихы

Жәннат пен жаhаннамды ешқашан болашақтан іздеме. Екеуі де дәл қазір, осы әлемде болуы бек мүмкін.

Егер біз пенделерден ешнәрсе күтпей, көреалмаушылықсыз, есепсіз, себепсіз бірбірімізді жақсы көре алсақ, демек шын мәнінде жәннатта болғанымыз екен. Егер де өмірімізді жеккөрушілікпен, біреуге кек сақтаумен, қызғанышпен және өкінішпен өткізетін болсақ, сөзсіз тозақтың мекеніне түскеніміз.

Ғалам – бір бүтін болмыс, бір ғана жаратылыс. Барлық жаратылыс көзге көрінбейтін жіптермен байланғандай бір-біріне өте тығыз байланысты. Ешқашан біреудің ақысына кірме, өзіңнен әлсіздерге жәбір көрсетпе, пайдаң тимесе де, зияның тимесін. Есіңде болсын, әлемнің бір бұрышындағы жалғыз пенденің қайғысы бүкіл адамзатты бақытсыз етуі мүмкін. Сол секілді бір адамның бақыты барша адамзатқа қуаныш сыйлауы мүмкін.

материал «Махаббаттың қырық қағидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: