05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Алла саған жақсылық жасағандай, сен де жақсылық жаса

Алла саған жақсылық жасағандай, сен де жақсылық жаса

Ислам тарихы

Кеше қарасам бөлме жылы, от жанып тұр. Мен болсам жұмсақ диванда демалып, осы жазып жатқан тақырыпта ой жүгіртіп отырмын. Жанымда шам мен ұялы телефон тұр. Балалар жазып жатса, аналары матаны тоқып отыр... Тамағымызды ішіп жеп болдық. Радио, жәй дауыспен сыбырлап, ойнап тұр. Айнала тып-тыныш, менің еш шағымым және артық сұрайтын нәрсем жоқ.

Сонда жүрегімнің түбінен «әлхәмдулилля» деп айттым. Ойланып отырсам, Аллаға мадақ айту құр тілмен айтылатын сөз емес екен, мейлі оны тіл мың мәрте қайталап айтса да. Құдайға мадақ Алланың берген нығметіне айтылады. Байдың мадағы кедейге қол ұшын беруі. Қуаттының мадағы әлсізге көмектесуі. Дені саудың мадағы науқасқа жәрдемдесуі. Қазының мадағы әділ шешім қабылдауы. Ал енді егер мен және менің балаларым тоқтытта әрі жылы жерде болып, көршім мен оның балалары аштық пен тоңуда болса Алланың маған берген нығметіне мадақ айтқан болып саналамын ба?

Көршім менен көмек сұрамаса да менің оған көмектесуім онсыз да міндет емес пе? Әйелім: «не жайлы ойлап жатырсыз?» - деп сұрады. Жоғарыда жазған сөздерімді айттым.

Әйелім: «дұрыс. Бірақ құлдарды толық қамтамасыз ете алатын олардың Жаратушысы ғана. Егер де сіз көршіңізді кедейліктен құтқарғыңыз келсе, ол мұқтаждықтан айырылмас бұрын, сіз өзіңіз кедей боласыз» - деп тіл қатты. Мен: «Егер мен бай болсам да оларды бай қыла алмасам, онда қалайша мендей әлсіз, күнәсін Алла жасырған әрі қарны бос болған құсты тамақтандырғандай Алладан ризық көріп отқан кедей оларды байытпақ?

Жоқ, мен кедейлерді бай қылғым келмейді. Бұл жерде мәселе салыстырмалы болмақ.

Мен мыңдаған жазушыларға қарағанда кедеймін. Бірақ қалталы азаматтың жұмысын жасап, күнін көріп жүрген адамнан баймын. Ал ол болса бір күндік тамағын зорға тауып отқан жалғыс басты жесір әйелге қарағанда бай. Мыңдаған ақша табатын адам миллион табатын адамнан бай екені айтпаса да анық. Сондықтан бұл дүниеде жүз пайыз бай немесе кедей адам жоқ. Тіпті үлкен не кішкентай да жоқ. Күмәні барға мынадай ауыр сұрақ қоймақпын. Мен одан торғай жайлы сұраймын: «Ол кішкентай ма әлде үлкен ба? Егер кішкентай десе, онда мен мақсат еткенім құмырсқамен салыстырғандағы өлшем. Ал егер үлкен десе, мен сұрамағым пілге қарағанда қандай?!

Демек торғай құмырсқаға қарағанда өте үлкен. Ал пілмен салыстырғанда тым кішкентай. Онда мен малы мен отбасын жоғалтқан жесір әйелге қарағанда өте байқуаттымын. Пәленшелерге қарағанда кедей болған күннің өзінде де...  (Шейх Али Тантауидің кітабынан аударылды).

материал Олжас Ханафиннің «Ілімге ғашық адам» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: