22
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Құранда Қиямет күні туралы айтылған физикалық оқиғалар

Құранда Қиямет күні туралы айтылған физикалық оқиғалар

Ислам тарихы

Араб тілінде білу мағынасына келетін «ғылым» сөзі көбінесе білім, мағлұмат деген мағыналарға келеді. Бір нәрсені нақты үйреніп сенуді ғылым дейміз. Білімсіздіктің, надандықтың антонимі болып табылатын «ғылым» сөзінен ғалым, мағлұмат, мұғалім және тағы басқа сөздер шыққан. Ислам ғалымдары ғылымды «Кісінің ақыл және сана сезіміне сыйымды мағлұмат» деп түсіндіреді. «Ғылым бір нәрсенің өз кейпінде танылуы».

Ғылым екіге бөлінеді, біріншісі – «Қадим ғылымы (О бастан бар болған ғылым)». Екіншісі, кейіннен берілген «Хадис ғылымы». Қадим ғылымы Алла Тағаланың заты және сипатына байланысты ғылым. Ол жаратылғандардың ғылымына ұқсамайды. Тек қана Алла Тағалаға толық мағынада Алим деп айта аламыз. Өткені тек қана Жаратушымыз барлық нәрсені толық білуші. Құранда айтылғандай, ақырзаман кенеттен келіп, сол арада жер, таулар, теңіздер, аспан, Ай, Күн, жұлдыздар, ыдырап, осыған байланысты бірқатар физикалық оқиғалар орын алады:

a) Жер алапат сілкініспен сілкінген кезде... Сондай-ақ жер қойнындағы бар жүкті сыртқа ақтарып тастағанда... («Зілзала» сүресі, 1), «Сол күні жер мен тау-тастың бәрі қатты шайқалады, таулар үгітілген құм үйінділеріне айналады» («Mүзәммил» сүресі, 14).

ә) Кесімді мезгілі жетіп, «Сур» бар күшпен үрленгенде, жер мен таулар түбімен қопарылып, бір-біріне қатты соқтығысты- рылғаннан быт-шыты шыққанда, міне, болмай қалмайтын, алдын алу мүмкін болмаған ұлы уақиға (яғни, қиямет-қайым) сол күні орнайды» («Хаққа», 13-15), «Жер қатты сілкінгенде, таулардың быт-шыты шығып, шаң-тозаңға айналғанда» (Уақиға сүресі, 5-6) «Сол күні жер мен тау-тастың бәрі қатты шайқалады, таулар үгітілген құм үйінділеріне айналады» («Mуззәммил» сүресі, 14), «Таулар сұмдық жылдамдықпен көшеді (және тоз-тозы шығып, күлі көкке ұшады) («Tур» сүресі, 10). «(Уа, Мұхаммед!): Олар сенен таулар жайлы (яғни, қиямет күні таулар нендей күйде болады, деп) сұрайды. Оларға: «Раббым (ол күні) таулардың күл-талқанын шығарып, күлін көкке ұшырады». «Сөйтіп, жер бетін (немесе таулардың орнын) теп-тегіс қу тақырға айналдырады». «Осы кезде жер бетінен ой-шұңқыр да, төбешік те көре алмайсың», – деп айт («Tаһа» сүресі, 105-107)

б) «Теңіздер өртке оранып, бұрқ-сарқ қайнаған кезде. («Tәкуир» сүресі, 6),

в) «Көк шатынап, жарылған кезде...» («Иншиқақ» сүресі, 1) «Күндердің күнінде аспан қатты шайқалады («Tур» сүресі, 9), «Аспан түріліп, (ішіндегі бар сыры ақтарылған) кезде..» («Тәкуир» сүресі, 11) «Аспан шатынап жарылған кезде...» («Инфитар» сүресі, 1), «Ақырында аспан жарылып, бейне бір қып-қызыл сақтиян сынды ал қызыл гүлдей болғанда (ғаламат құбылыстар орын алады) («Рахман» сүресі, 37), «Сол күні аспан күмбезі шатынап айырылады да, семіп, шөгіп кетеді» («Хаққа» сүресі, 16)

г) «Қатты үрейден көздер қарығып, қарауытқан, Ай тұтылған және Күн мен Ай бір-бірімен тоғыстырылған кезде («Қиямет» сүресі, 8-9)

ғ) «Жұлдыздар бытырай төгіліп, жарықтары өшкен кезде,..» («Tәкуир» 2), «Жұлдыздар төгілген кезде...» («Инфитар» сүресі, 2), «Жұлдыздар сөнген кезде» («Мурсәлат» сүресі, 8)

Сол күні болатын оқиғаларды бізге түсірген аяттарды оқу арқылы ғана түсінуге болады. Ол уақытта жер қатты және ерекше шайқалады. Осы жер сілкінісінің кесірінен таулар тамырымен қопарылады, жаншып, шаңға айналады, жер тегіс, қисық, бұдырсыз, шұңқырсыз болады; теңіздер тасып, бір теңізге айналады, содан кейін рет шалып, әлгі теңіздер қайнайды. Аспан жарылады, жыртылады, ашылады, еріген қызғылт май сияқты болады және аспан есіктері ашылады; Күннің нұры жоғалады, Ай тұтылады, Күн мен Ай жақындайды; Басқа жұлдыздар солып, бұлыңғыр болып, күш-қуатын жоғалтып, жан-жаққа тарап кетеді.

Біздің ойымызша, ақырзаман туралы бұл анық мәліметтер физика, геофизика және астрофизика ғылымдарының осы салалардағы зерттеулеріне негіз болып, бағыт-бағдар бере алады. Құран Кәрім физика мен астрофизиканың аты әлі атала қоймаған шақта бұл ақпаратты ешбір қателіктен қорықпай анық жеткізе білген. Себебі ол – әр нәрсені білуші Алланың түсірген сөзі.

материал «Құрандағы технологияға қатысты ишаралар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: