02
Сенбі,
Қараша

һижри

Кездейсоқ өлімді күтіп жүрсіңдер ме?

Кездейсоқ өлімді күтіп жүрсіңдер ме?

Ислам тарихы

Әзірет Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Расулалла (с.ғ.с.) былай деді: «Жеті нәрседен бұрын амалда асығыңдар:

* Ұмыттырушы кедейлікті күтіп жүрсіңдер ме?

* Асып тасып аздыратын байлықты күтіп жүрсіңдер ме?

* Өздеріңді құртып жіберетін ауруды күтіп жүрсіңдер ме?

* Алжастыратын қарттықты күтіп жүрсіңдер ме?

* Кездейсоқ өлімді күтіп жүрсіңдер ме?

* Дажжалды күтіп жүрсіңдер ме? Бұл – күтілген ғайыптық жамандық.

* Әлде қияметті күтіп жүрсіңдер ме? Ал қиямет бәрінен жаман, бәрінен де ащы».

ТҮСІНДІРМЕ:

Расулалла (с.ғ.с.) діндегі немқұрайлылығына байланысты мүмінді айыптау арқылы олардың қайырлы амалдар жасауында кешікпеуі керектігін түсіндіреді. Хадисте айтылған жеті жағдайдың біразы – кенеттен келуі мүмкін жағдайлар. Олардың бірі келсе, қайыр жасауға мүмкіндік қалмайды. Олай болса осы қиын жағдайлар келіп қалмай тұрғанда қолдарыңдағы мүмкіндікті жақсылық жасауға жұмсаңдар деген сөз.

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: