Сахаба Ғубада ибн Сәбит (радиаллаһу әнһ) Рамазан айы жақындағанда Алла Елшісінің (с.ғ.с) сахабаларына мына дұғаны оқуды үйреткендігі жайлы жеткізеді:
«Аллаһумма сәллимнии ли Рамәдаана уә сәллим Рамадаана лии уә сәллимһу лии мутәқаббәлә»
Мағынасы: «Иә, Алла! Мені Рамазанға аман-сау жеткіз! Рамаданды маған қорған қыл! Әрі оны менен қабыл ет!» (имам Табарани «Китабу дуʼа», № 912хадис; сондай-ақ, «Хаятус-сахаба» 3/182, «Канзул-ʼуммаль» 8/584).
материал «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дұғалары» кітабынан алынды,
ummet.kz