01
Жұма,
Қараша

һижри

Адамның алақанына қарап тағдырын білуге бола ма?

Адамның алақанына қарап тағдырын білуге бола ма?

Ислам тарихы

Мұсылман баласы, «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар», - деген Алла Тағаланың аяттарын көңіліне медеу тұтады.

Алайда бүкіл әлемді назарынан бір сәтке де тыс қалдырмай, бақылап тұратын Жалғыз Жаратушының бар екенін сезінбейтіндер де жоқ емес. Олар Аллаһтың жіберген сынақтарына жолықса, шыдамсыздық танытып, одан кейін келетін жақсылықпен ісі болмай, бақсылықпен айналысатындарға беттейді.  Ал шариғат бойынша бақсы балгерлердің амалдары игі іс емес, барып тұрған ауыр қылмыс болып саналады екен.

Өйткені Алла тағала Құранда балшылық туралы Мәида сүресінің 90-91 аяттарында: «Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (бұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар.  Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?»- деген.  

Құмалақ, карта, алақанға қарап бал ашу секілді амалдар діннің ісінен емес, жынның ісінен екенін елдің бәрі түсіне бермейді.  Өйткені, көптеген балгерлер мен көріпкелдер Исламның атын жамылып жұмыс жүргізеді. Ал шындығында ғайыпты болжаған адам, Алланың алдында айыпты болады, тозаққа лайықты болады.

ummet.kz

Бөлісу: