25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Арафа күні және Арафатта тұрудың сүннеттері

Қажылық

Арафа күні және Арафатта тұрудың сүннеттері

  • Арафа күні күн шыққаннан кейін Арафат жаққа қарай бет алу
  • Намира мешітінде түскі намаздан бұрын Имамның екі хұтба оқуы
  • Аузы берік болмау (ораза тұтпау)
  • Күн тал түстен ауғаннан кейін мүмкіндік болса, ғұсыл құйыну
  • Арафатта тұруға бар ықыласпен дайын болу
  • Бесін және екінті намаздарын бесін уақытында бірге қосып оқу. Намаздың осылай бесін уақытында біріктіріліп оқылуын «жамғу – тақдим» деп атайды.
  • Бұл намаздардан кейін дереу уақфа жасау
  • Уақфа жасаған уақытта дәретті болу
  • Уақфаны «Жәбәлул-рахмә» деген төбенің қара тастарында жасау
  • Уақфа жасаған уақытта құбыла жаққа бет бұрып, түрегеп тұру
  • Арафатта бар ықыласпен өзі үшін, әке-шешесі және жалпы мұсылман бауырлары үшін дұға жасау, тілек тілеу. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Дұғалардың ең қайырлысы – Арафа күні жасалған дұға» (Жамиъ сағир), – деп бұйырған.
  • Күні бойы тәлбия, тәкбір, зікір, тәсбих, салауат айтып, күнәларына кешірім тілеу
  • Арафаттағы жолдарда уақфа жасамау
  • Күн батқаннан кейін Арафаттан баяу жүріспен түсу

Ummet.kz

Бөлісу: