Ораза ұстаушыға сәресін таң намазына жақындатып ішу және аузын тездетіп ашқан сүннет болып саналады (Асғад Мухаммад Сағид әс-Сағуржи, «әс-Сәум», 23).
Зайд ибн Сәбиттен жеткен хадисте былай делінеді: «Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге сәресін ішіп болған соң, намазға тұратын едік» («Сунәну әт-Термизи», 2/104).
Тағы бір хадисте: «Адамдар ауыз ашуға асыққан сайын әрдайым жақсылықта болады» («Сунәну әт-Термизи», 2/103), – делінген.
Сондықтан сәресін таң намазының уақытына жақындатып ішу әрі ауызды күн батқаннан кейін тездетіп ашқан дұрыс.
материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,
ummet.kz