12
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Пітір садақасының даналығы

Пітір садақасының даналығы

Ораза

Пітір садақаның даналығына келсек, оның даналығы өте айқын əрі түсінікті. Пітір садақасында – кедейлер де айт мейрамын байлар сияқты кеңшілік пен тоқшылықта жəне қуаныш пен шаттықта өткізу үшін, оларды ешкімнен ешнəрсе қол жайып сұратпау деген үлкен астарлы даналық жатыр.

Əрі пітір садақасында – адамды жомарттық пен жақсылық жасауға үйрету деген даналық бар. Жəне пітір садасында – бір ай бойы ораза ұстаған адамнан кеткен айып-кемшіліктерді пітір садақасы арқылы жуып-шаю деген хикмет көрініс табады. Сондай-ақ, пітір садақасында – Рамазанда күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқып өткізуге мүмкіндік сыйлаған Аллаға шүкір ету сынды даналықтар кездеседі. Бұл жайлы асыл сахаба Абдуллаһ ибн Аббас (Алла одан разы болсын) былай айтқан екен: «Алла елшісі (Алланың оған мақтауы мен сəлемі болсын) пітір садақасын ораза тұтушыға – бос сөздер мен арсыздықтардан тазару, əрі міскіндерге тамақ болу үшін парыз қылып бекітті. Кім оны айт намазына дейін берсе, ол – одан пітір садақа ретінде қабыл етіледі. Ал, кім намаздан кейін берсе, онда ол – əдеттегі берілетін бір садақа есебінде ғана болады» (Абу Дауд; (1609), Ибн Мəжəһ)

Ал енді, осы ретте «пітір неден беріледі?» десеңіздер, сөзсіз, пітір садақасы адам баласы жейтін; «құрма, бидай, күріш, мейіз, ірімшік» сынды жəне т.б тамақтардың түрінен беріледі. Абдуллаһ ибн Омар (Алла одан разы болсын) айтқандай: «Алла елшісі (Алланың оған мақтауы мен сəлемі болсын) пітір садақасын – бір Соғ (екі қол қосылған төрт алақан) мөлшерде құрмадан немесе бір Соғ көлемде арпадан берілуін парыз қылды».

Арпа сол заманда олардың жейтін тамақтарының бірі болған. Бұл жөнінде Абу Сағид əл-Худри (Алла одан разы болсын) былай деген: «Біз Алла елшісінің (Алланың оған мақтауы мен сəлемі болсын) кезінде пітір садақасы ретінде – бір Соғ (екі қол қосылған төрт алақан) мөлшерде тамақ беретін едік. Біздің сол кездегі тамағымыз: құрма, арпа, мейіз, ірімшік болатын». Малдардың жейтін тамақтары пітір садақасы ретінде шығарылмайды. Себебі, пайғамбарымыз (Алланың оған мақтауы мен сəлемі болсын) пітірді малдарға емес, міскіндерге тамақ ретінде берілуін парыз етті. Сол сияқты, пітір садақасы киім-кешек немесе көрпетөсек немесе ыдыс-аяқ немесе мата-шата тəрізді тамақтан басқа ешбір заттардан берілмейді. Өйткені, пайғамбарымыз (Алланың оған мақтауы мен сəлемі болсын) пітірді тамақтың түрінен берілуді парыз еткен. Сондықтан, одан басқа нəрсеге көшу мүмкін емес.

материал «Рамазан оразасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: