25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Сендерге Алла Елшісінің (с.ғ.с) намазын көрсетейін бе?

«Сендерге Алла Елшісінің (с.ғ.с) намазын көрсетейін бе?

Намаз

Сәлим Әбу Абдулла өзінің әңгімесінде Ъуқба ибн Әмрдің былай дегенін жеткізеді:

«Сендерге Алла Елшісінің (сәлләллаһу әләйһи уәсәлләм) намазын көрсетейін бе? – деді де, тәкбір жасады. Сосын екі білегі мен иығының арасын алыстатты, екі қолын екі тізесіне қойып, саусақтарының арасын ашып, алақанымен тізесінің үстін қамтыды. Солайша барлық денесі орныққан күйде, рукуғқа тұрды.

Сосын рукуғтан басын көтеріп, барлық денесі орныққан күйде тіктелді. Одан кейін екі қолын екі иығынан алыстата, барлық денесі орныққан күйде, сҽжде жасады.

Төрт рәкағат намаз оқыды да: «Алла Елшісі (сәлләллаһу әләйһи уәсәлләм) намазды бізбен бірге осылайша оқитын еді» (Ахмад, Нәсаи, Бәйһақи және Табарани риуаят еткен).

материал «Ханафилерге 40 хадис» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: