25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әйел адам тәкбір алғанда қолын қай деңгейде көтереді?

Әйел адам тәкбір алғанда қолын қай деңгейде көтереді?

Намаз

Қолын иық деңгейінде көтереді.

Хафиз Нуруддин Хайтами былай дейді: Уайл ибн Худжр Алла Елшісінің (с.ғ.с) оған былай деп айтқанын жеткізеді: «Ей, Худжр! Намаз оқығанда қолдарыңды құлақтарыңның тұсына дейін көтер, ал әйел қолын кеудесіне дейін көтереді» («Иълау әс-сунан» 2 том, 156 бет).

Имам Әбу Бәкір ибн Әби Шайба былай дейді: «Абд Раббих Ибн Сулейман Умму ад-Дарданың (Алла оған разы болсын) намазда қолын иық деңгейіне дейін көтергенін көргенін айтты». Бұл хабарды Имам Бухари өзінің «Қурратуль ъайнайн» атты еңбегінде келтіреді.

Ибн Әби Шайба тағы да былай дейді: «Ата ибн Әбу Рабахтан намазда әйел қолын қалай көтеру керек екендігі сұралғанда: «Ол кеуде тұсына дейін көтеру керек» - деп жауап береді. «Хаммад ибн Сәләмә әл-Басри әйел кісі намаздың басында қолдарын кеуде тұсында көтеруі керектігін жиі айтатын». Сондай-ақ, - куфалық ғалым Хаммад Куфада тұрғанда, Имам Зуһри Мединада тұрғанда осы пәтуаны берген болатын. Алла олардың баршасынан разы болсын!

материал «Нәзік жанның намазы» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: