Нәпсіге мойынсұнбаған жүректі шайтан азғыра алмайды.
Міне, сондықтан Алла Тағала шайтанға: «Менің (ықыласты һәм Маған толық мойынсұнған) құлдарыма сенің ешқандай ықпалың (пәрменің) жүрмейді. Сенің ықпалың тек өзіңе ерген адасқан азғындарға ғана жүретін болады» деген («Хижр» сүресі, 42). Нәпсісіне ерген кісі – Алланың құлы емес, нәпсінің құлы. Сондықтан Алла оны шайтанның шабуылдарынан қорғамайды. «Өз әуейілігін (құмарлығын) тәңір тұтып, көңілі соққан нәрсенің құлы болған, сондайақ (ақ пен қараның, ақиқат пен жалғанның парқын) білсе де Алланың Өзі адастырып, құлағы мен жүрегін мөрлеп, көзін перделеп тастаған бейбақты көрдің бе?! Оны Алланың Өзі адастырғаннан кейін тура жолға кім түсіре алады дейсің?! Міне, осының өзін ойлап, ғибрат алмайсыңдар ма?!»560 560 «Жәсия» сүресі, 23-аят Бұл аят нәпсіге табынған пенде Алланың емес, нәпсінің құлы болатынын ашық-айқын баяндап тұр.
Амр ибн Ас Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, шайтан мені намазымнан және намаздағы қыраатымнан алаңдатты», – деген еді. Пайғамбарымыз: «Мұны шайтан дейді! Оны бекер «шошқа» демейді. Оны сезгеніңде Аллаға сиын. Сол жағыңа үш мәрте түкір!» – деді. Амр ибн Ас: «Мен кейін осылай жасадым. Алла оны менен аулақтатты», – деп еске алған. Тағы бір мағлұматтар бойынша: «Дәрет алған сәтінде кісіні күмән ойларға салып қинайтын бір шайтан бар. Ол «Уалахан» деп аталады. Одан Аллаға сиыныңдар», – деп айтылған. Алланы еске алып, оны зікір қылған кісінің жүрегінен шайтан орын таба алмайды. Шайтанның көңілге күмән тудырған азғыруынан сақтану үшін Алланы зікір қылып, «Ағузу билләһи минаш шайтанир ражим уә лә хаулә уә лә қууата иллә билләһил алийил-азим» деп Алладан баспана сұрау керек. Тақуа кісілер ғана бұл дұғаны өздеріне әдет қылып алады. Пенде дүбәра болып не қыларын білмей аңтарылып тұрған сәттерінде шайтан оларды азғыру үшін айналшақтайды. Сондықтан Алла Тағала: «Аллаға тиісінше тағзым ететін, Оған асылық қылудан һәм азабынан барынша сақтанатын тақуа жандарға шайтаннан қандай да бір азғыру, әзәзіл ой келе қалса, бірден өз-өзіне келіп, Алланы еске алады. Сонда көкірек көздері бірден ашылып (ақиқатты анық көре алатын болады)»561 деген («Ағраф» сүресі, 201).
Мужаһид «әзәзіл шайтанның кесірінен» деген мағынадағы аятқа тоқталып, «Шайтан көңілге күмән салып азғыру үшін әрдайым дайын тұрады. Алланы зікір қылғанда оның әсері жоғалады. Алланы еске алмаған кісінің жүрегін түрлі шек-күмәндар қаптап қалады. Алланы зікір қылуды және шайтан жүрекке салған күдікті ойды қараңғы мен нұрға, түн мен күндізге ұқсатуға болады», – деген («Нас» сүресі, 114/4). Бұл екі нәрсе бір-біріне қарама-қарсы болғаны үшін Алла Тағала: «Оларды әзәзіл шайтан билеп әкетті де, Алланы еске алуды ұмыттырды. Олар – шайтанның одақтастары. Біліп қойыңдар, шайтанның жақтастары үнемі жеңіліс табады деп айтқан («Мужадала» сүресі, 19).
Әнәс ибн Мәликтің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Шайтанның тұмсығы адамзаттың жүрегінің үстінде. Егер пенде Алланы зікір қылса, шайтан әсер бере алмай қалады. Егер Алланы ұмытса, шайтан оны қолға алады», – деген. Ибн Уаддах риуаят еткен бір хадисте былай деп айтылады: «Адам қырық жасқа шыққанға шейін тәубе жасамаса, шайтан оның жүзін сипап: «Уа, әкем! Бұл – тозақтан құтыла алмаған кісінің жүзі», – дейді». Азық құмарлар кісінің етіне, қанына араласқандай, шайтан да оның етіне және қанына кіріп барып, жүрегін иеленіп алады. 232 Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Шайтан адам баласының қан тамырларымен жүреді. Сондықтан аштықпен оның жолдарын тарылтыңдар», – деген. Өйткені аштық пенденің асау құмарларын ауыздықтайды. Нәпсінің қалаулары жүректі иеленіп алғаны шайтанның ол жерде өз іс-әрекетін жүргізіп жатқанын білдіреді. Сол себептен Құранда: «Ібіліс: «Ендеше, мені азғырып, адастырғаның (яғни, сынап сүріндіргенің) үшін (ант етемін), мен де оларды тынбай азғырып, адастыру үшін Сенің тура жолыңа кесе-көлденеңдеп отырып аламын. Содан кейін олардың кейде алдынан, кейде артынан, кей кезде оң жағынан, кей кезде сол жағынан келіп азғырамын. Нәтижеде, олардың басым көпшілігін шүкіршілік айтатын құлдарың ретінде көре алмайсың» деді»564 деп айтылады. («Ағраф» сүресі, 16-17).
Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Шайтан адамзатқа көп жағынан шабуыл жасайды. Басқа діннен Ислам дініне өтіп жатқан кісінің көкірегіне күмән салуға әрекет жасап: «Бұрынғы дініңді және ата-бабаларыңның дінін тастап мұсылман болғалы жатырсың ба?!» – дейді. Ол шайтанға құлақ салмай мұсылман болады. Содан соң шайтан оның һижрат қылған жолынан тосып: «Ел-жұртыңды тастап һижратқа шықтың ба?» – деп айтады. Ол тағы да құлақ салмай һижрат жасап кете береді. Содан соң шайтан пендені жиһад жолынан тосып: «Жиһад жасап жатырсың ба? Бұл сенің мал-жаныңды талап етеді. Сен басқаларды өлтіресің не басқалар сені өлтіреді. Содан соң әйеліңді басқалар алып, мал-мүлкіңді басқалар бөліп алады», – дейді. Бірақ мұсылман соған да азғырылмай күреске қатысады», – деді. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім сол сатылардың бәрін басып өтсе, Алланың оны пейішке кіргізуі анық болады», – деп сөзін қорытады.
материал «Жүректің сырлары» кітабынан алынды,
ummet.kz