27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Иман келтірушінің 5 түрлі қорқынышы

Иман келтірушінің бес түрлі қорқынышы

Иман келтіру

Осман Аффан (р.а) – Ислам тарихында Құран аяттарын жазбаша түсірген алғашқы тұлға. Ол Алла Елшісі (ﷺ)  оқыған қысқа сүрелерді шарапатты қолдарымен жазған. Алла Елшісінің (ﷺ): «Сендердің араларыңдағы ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің» деген хадисті (Бұхари) жеткізген саңлақ сахаба осы – Осман ибн Аффан (р.а).

Пайғамбардың (ﷺ)  көзі тірісінде Осман (р.а) оған Құранды толықтай оқып берген. Османның оқитын Құран жазбасы тесіктер пайда болғанша ескіріп кеткен екен. Себебі, ол Құранды көп оқитын және толық жатқа білетін.

Осман ибн Аффан (р.а) айтады: «Иман келтірушінің бес түрлі қорқынышы бар. Бірінші, ол Алла өзінен иманды алып қояды деп қорқады. Екінші, періштелер ертең Қиямет күні масқаралайтын амалдарын жазып қояды деп қорқады. Үшіншіден, шайтан амалдарымның зая болуына себеп болады деп қорықады. Төртіншіден, өлім періштесі кенеттен жанымды алып кетеді деп қорқады. Бесіншіден, бұл дүниенің қызықтары азғырып, мәңгілік өмірге дайындықтан алыстатады деп қорқады».

 

ummet.kz

Бөлісу: