25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

АҚШ еврейлері Крайстчерч мұсылмандарына 1 000 000 $ жинады

АҚШ еврейлері Крайстчерч мұсылмандарына 1 000 000 $ жинады

Жаһан
Жарнама

4 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – АҚШ-тың Питтсбург қаласындағы Еврей ұйымы Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч мешітінде болған терактінің құрбандарына  1 миллион доллар жинады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Аталмыш Еврей федерациясының президенті Джефф Финкельштейннің айтуынша, бұл еврей жамағатының мұсылмандарға ризашылығын білдіруі. Өткен жылы Питтсбург қаласындағы «Өмір ағашы» синагогына жасалған шабуыл кезінде 11 кісі қаза тапқан болатын. Сол уақытта қаланың мұсылман жамағаты терактінің құрбандарына қолдау көрсетіп, қаржы жинап берген еді.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша Жаңа Зеландиядағы мұсылмандарға көмек ретінде қаржы жиналып жатыр деген ақпарат тарағаннан бастап Питтсбургтан тыс жерлерден де қолдаушылар көбейген.

«Бізде бір ғана мақсат болды, ол – синагогымызға шабуыл жасалғанда бізді қаржылай қолдаған және қолдарынан келген барлық көмегін аямаған Питтсбург қаласындағы мұсылман жамағатына өз сүйіспеншілігімізді көрсету. Ұйымдастырған шарамыз осынша кең ауқымда таралады деп тіпті ойламаған едік. Бұл жобаға 50 штаттың барлығынан және кем дегенде 10 мемлекеттен атсалысқандар болды», - деді Финкельштейн.

Крайстчерч мұсылмандарына қаржы көмегі жиналып жатқаны жайлы ақпараттың кең таралуына CNN телеканалы мен New York Times басылымының жария етуі де өз үлесін қосты.

iudei pittsburga2

Бөлісу: