26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти Венада халықаралық конференцияға қатысуда (ФОТО)

Бас мүфти Венада халықаралық конференцияға қатысуда (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

20 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Австрия астанасы Вена қаласында Қапқаз мұсылмандары басқармасының ұйытқы болуымен өткен «Дінаралық, өркениетаралық ынтымақтастықтан жалпыадамзаттық тілектестікке дейін» атты халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Халықаралық шараның ашылу салтанатында Әзірбайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси мәселелер бойынша көмекшісі Әли Гасанов мемлекет басшысы Ильхам Әлиевтің конференция қатысушыларына жолдаған құттықтау хаты мен үндеуін оқып берді. Содан кейін «Жалпыадамзаттық сын-тегеурін» фильмі көрсетілді.

Мінберде сөз алған Қапқаз мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллашүкір Пашазаде, KAICIID дінаралық, мәдениетаралық сұхбат халықаралық орталығының Бас хатшысы Фейсал ибн Муаммар, Адам құқығы және жаһандық сұхбат жөніндегі Женева орталығының атқарушы директоры Идрис Жезаири, Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Әли Абдурахман әл-Гашим, т.б. халықаралық ұйымдар, орталықтар мен мемлекеттік мекеме басшылары бүгінгі адамзат баласына төніп тұрған қауіп-қатерлерді алдын алудың тетіктері мен жолдары жайлы баяндама жасады.

Конференция соңында Вена декларациясы қабылданды. Декларацияда осы бағытта халықаралық форумдарды өткізіп тұрудың маңыздылығы, жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттаудың өзектілігі атап көрсетілген.

0x0 2

0x0 1

0x0 3

0x0

0x0 4

Бөлісу: