25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлемдік халал стандартына сай қонақ үйі салынады

Әлемдік халал стандартына сай қонақ үй салынады

Жаһан
Жарнама

26 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Әлемдік халал стандартына сай алғашқы мейманхана Sahid Imam Al-Buhari қонақ үйінің іргетасы салтанатты түрде қаланды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен ашылу салтанатына индонезиялық Sahid Group компаниясының президенті және басқару директоры Виви Херламбанг қатысты. Имам әл-Бұхари комплексінің аясында салынатын қонақ үйдің құрылысын Sahid Group және SAG компаниясы бірлесе жүргізеді, деп жазады Өзбекстан мемлекеттік туризм комитетінің баспасөз қызметі.

Қонақ үйін бастапқыда 100 нөмірмен ашып, алдағы 5 жылда бөлмелер санын 300-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Халал стандартының талаптарына сәйкес әр бөлмеде құбыланың бағыты көрсетіліп, жайнамаз бен Құран қойылады. Сондай-ақ халал ас мәзірі жасалып, Рамазан айында сәресі және ауызашар  мезгілдерінде арнайы тағамдар дайындалады.  

Айта кетейік, сәуір айында Өзбекстанда қонақ үйлердің сапасы мен қызметін дамыту мақсатында мейманханалар Ассоциациясы құрылған еді. Қазір Өзбекстанда инвесторларға, соның ішінде қонақ үйлер құрылысының инвесторларына қолайлы жағдайлар жасалуда.  

11564684

11564717

Бөлісу: