26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Букер сыйлығы Оман жазушысына бұйырды

Букер сыйлығы Оман жазушысына бұйырды

Жаһан
Жарнама

24 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – 2019 жылғы беделді халықаралық Букер сыйлығы (Man Booker International Prize) Оман жазушысы Джоха Альхартхиға (Jokha Alharthi) бұйырды. Аталған сыйлық жазушының «Аспан денелері» (Celestial Bodies) романы үшін беріліп отыр, деп хабарлайды egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жүлде шарты бойынша 50 мың фунт-стерлинг Альхартхи мен аудармашы Мэрилин Бут арасында теңдей бөлінген. Сыйлықты ұйымдастыру комитетінің сайтында Джоха Альхартхидің Пар­сы шығанағы елдері арасынан ағылшын тіліне аударылған омандық бірінші романист әйел екендігі айтылған. Жазушының бұған дейін екі романы, қысқа әңгімелер жинағы және балаларға арналған кітабы жарық көрген.

«Аспан денелері» кітабы отар­лық дәуірден кейінгі Оманның қазіргі даму сатысында көрініс табатын апалы-сіңлілі үшеудің отбасылық өмір жолы жайында сыр шертеді. «Бөлмеде басталып, әлемге ұласатын оқиға уақыт пен өлім-жітімнің терең мәселелерін және жалпы тарихымыздың үрей­лі тұстарын шешуде айқындылықты көр­сетеді. Ауыз­екі тіл мен поэзия ырғағы сәтті үн­­дескен аударма дәлме-дәл беріл­ген», дейді қа­зы­лар алқа­сының төрағасы, тарихшы Беттани Хьюз. 

Халықаралық Букер сыйлығы 2005 жылдан бері ағылшын тіліне аударылып, Британияда жарық көрген романдарға беріледі. 2018 жылғы маусымның үздік жазушысы ретінде поляк жазушысы, ақын Ольга Токарчук танылған болатын.

Бөлісу: