13 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Тірек-қимыл жүйесі зақымданған спортшылар арасында садақ ату бойынша Ресей чемпионатында дағыстандық Барият Мирзаалиева жүлделі үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды islam.ru сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Бүкілресейлік сайыста Дағыстан республикасының атынан барған топтың ішінен Мирзаалиева жүлдегер атанған жалғыз спортшы. Бұған дейін де осы жарыс түрінен екі рет жеңімпаз атанған спортшы үшін бұл жеңісі ең үздік көрсеткіш деп саналып отыр.
Б.Мирзаалиеваның садақ ату спортымен айналысқанына аз ғана жылдың қарасы болғанымен, ол өз саласы бойынша Дағыстандағы үздік спортшылардың бірі ретінде танымал.