26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Робот тазалықшылар жұмысқа шықты

Робот тазалықшылар жұмысқа шықты

Жаһан
Жарнама

22 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Дубайдың Транспорт және көлік жолдары комитеті метро стансалары тазалығына алғашқы робот жұмысшыларды шығарды, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі..

Жасанды интеллект арқылы басқарылатын жаңа құрылғыны тестілеу Union метро стансасында жүргізілді. Тәжірибе сынағы көрсеткендей робот тазалық жұмыстарын адамнан гөрі тиімді жасайды екен, сондай-ақ суды да айтарлықтай үнемдейді. Робот тазалықшыны әртүрлі тазалық режимдеріне бағдарламалауға болады. Мұндай роботтар жұмыс уақытында операторды тіптен қажет етпейді екен.

Аппарат құрылғысында соғысуы мүмкін жағдайды ескертетін сенсормен жабдықталған және белгіленген бағытқа алдында кезікке кедергілерді айнала қозғала алады. Роботтың ұзындығы – 128 см. Ол 90 литрге дейін су алып жүру мүмкіндігіне ие.

Бөлісу: