5 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Фатима аль-Харби есімді саудиялық қыз кәсібилігі үшін Apple компаниясы тарапынан жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Калифорния университетінің компьютерлік бағдарламалау саласында жоғары білім алған аспирант Фатима аль-Харби Apple жүйесінен үлкен қателік тауып, корпорация басшылығына дереу хабар берген. Осылайша Фатима Apple қауіпсіздік жүйесінің тоқтап қалуының алдын алды.
Қазіргі уақытта Фатима аль-Харби Калифорнияда диссертация қорғауға және Apple ИТ-сарапшылары тізіміне енуге дайындалып жүр. Бұл өз кезегінде оның жаңа ғылым саласында үлкен қадамдар жасауына жол ашады.