26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлемдегі ең ескі Менделеев кестесі табылды

Әлемдегі ең ескі Менделеев кестесі табылды

Жаһан
Жарнама

18 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Шотландияның Сент-Эндро университетінде табылған химиялық элементтер кестесі ХІХ ғасырда басылған кесте болып шықты, деп хабарлайды massaget.kz порталына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Элементтер кестесін доктор Алан Айткен қоймадағы ескі заттарды жинап жүріп кездейсоқ тауып алған. Арнайы сарапшылар табылған кестені тексере келе, ол 1885 жылы басылғанын анықтаған. Себебі, кестеде 1875 және 1885 жылдар аралығында ашылған галлий және скандий элементтері бар да, 1886 жылы ашылған германий элементі жоқ екен.

Айта кетейік, Менделеев кестесі – элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті. Жүйе атақты орыс химигі Д. И. Менделеевтің 1869 жылы ашқан периодтық заңының графикалық түрде бейнеленуі болып табылады. Оның бастапқы нұсқасын Д. И. Менделеев 1869-1871 жылдары шығарған және бұл нұсқасында элементтердің қасиеттерінің олардың атомдық салмағына тәуелділігін көрсеткен еді.

Бөлісу: