14 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Білім, ғылым және мәдениет мәселелеріне байланысты Ислам ұйымы 2019 жылғы Ислам мәдениетінің орталығы ретінде Құдыс қаласын таңдады. Бұл жайында Рабат қаласындағы баспасөз мәслихатында ұйымның бас директоры Абдулазиз бин Осман әл-Тувейжри баяндады, деп хабарлайды islam.ru сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Ұйымның бас директорының айтуынша Құдыс қаласындағы мәдени жәдігерлерді қорғау мәселесі бойынша мұсылман елдері мен халықаралық ұйымдардың қолдауымен кешенді бағдарлама қолға алынды.
Тувейжри ұйымның мүшелігіне қабылданған барлық мемлекеттерден Ислам әлемінің мәдени мұрасын, соның ішінде даулы аймақтардағы мұраларды насихаттауда мәдени іс-шаралар мен жобаларды көптеп ұйымдастыру арқылы қолдау көрсетулерін сұрады.