26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қасиетті Құранды ым-ишарамен оқыту әдісі

Қасиетті Құранды ым-ишарамен оқыту әдісі

Жаһан
Жарнама

11 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz - Түркияның Күйтақия қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қасиетті Құранды оқытудың ерекше тәсілі қолға алынған, деп хабарлайды islam.kz порталына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Міне, бірнеше жылдың жүзі болды, «Йенидоган» әйелдерге арналған Құран курсында көзі нашар көретіндер мен зағиптар Брайл қарпін пайдалана отырып, дәріс алатын. Ал құлағының мүкісі барлар мен саңыраулар ым-ишарамен оқытылады.

Жергілікті Құран курсын жүргізушілердің бұл бастамасын қала басқармасы қолдап келеді. Ал құлағының мүкісі бар және саңырау ер-азаматтар "Шеһтілер" мешітінде осындай әдіспен оқытылады.

Бұдан бөлек, әр жұма сайын оларға ым-ишарамен уағыз айтылады. Құран курсын аяқтаған мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Күйтақия қаласы басқармасының демеушілігімен алған білімдері бойынша жарыс өткізіліп тұрады. Жеңімпаздарға қасиетті сапарға - қажылыққа тегін жолдама беріледі.

Бөлісу: