26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Өзбек полицейлері Құран ұстап ант берді

Өзбек полицейлері Құран ұстап ант берді

Жаһан
Жарнама

10 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz - Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Жоғарғы Шыршық ауданының ішкі істер бөлімінде істейтін қызметкерлер құран ұстап, пара алмауға, заң бұзушылық жасамауға ант берді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Аталған полиция бөлімінде ант қабылдау сәтінің суреттері әлеуметтік желіде тарап кетті.

Азаттықтың өзбек қызметіне есімін айтпауды өтініп сұқбат берген Жоғарғы Шыршық ауданы ІІБ қызметкері ант қабылдау рәсімі аудан имамының араласуымен өткен.

«Жеке құрамдағы әрбір қызметкер құранның өзбек тіліндегі нұсқасын ұстап, жемқорлық жасамауға және алдамшылық қылмауға ант берді» — дейді ол.

Ал алаған аудандық полиция баспасөз қызметі ант беру рәсімінің анық-қанығын білу үшін басшылыққа хабарласу керектігін айтты. Рәсімге қатысты деген аудандық имам бұл туралы пікір беруден бас тартты.

Дегенмен Өзбекстан Ішкі істер академиясында істеген оқытушының айтуына қарағанда, бұл әрекет жоғары жақтың тапсырмасынсыз, жергілікті полиция басқармасының әрекеті болуы мүмкін.

Бөлісу: