26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Зерттеу нәтижелері иманды кісілердің ұзағырақ өмір сүретінін дәлелдеді

Зерттеу нәтижелері иманды кісілердің ұзағырақ өмір сүретінін дәлелдеді

Жаһан
Жарнама

25 қазан. АСТАНА. Ummet.kz – Огайо штатының социологтары ғылыми зерттеу нәтижесінде атеистерге қарағанды иманды кісілердің ұзағырақ өмір сүретініне көз жеткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ғалымдар АҚШ-тың 42 қаласында шығатын басылым беттеріндегі некрологтарды сараптай келе қандай да болсын дінді ұстанатын кісілердің ешбір сенімді мойындамайтын кісілерге қарағанда 4 жыл артығырақ өмір сүреді деген тұжырымға келді деп жазады Social Psychological and Personality Science.

Зерттеушілер сараптау барысында қайтқан кісілердің жынысына, отбасылық жағдайына және діни көзқарасына мән берген. Отбасылы және иманды кісілердің өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші жалғызбасты, үйленбеген және ешбір діни нанымы жоқ кісілерге қарағанда әлдеқайда жоғары екен.

Ғалымдар мұны иманды кісілердің сенімдеріне қарай түрлі оразалар ұстауымен және әртүрлі зиянды заттарды тұтынбауымен түсіндіріп отыр. Тіпті жергілікті тұрғындардың көпшілігі шіркеуге баратын елді мекендегі атеистер мен агностиктер де ұзағырақ өмір сүреді екен. Мұның себебі, олардың иманды көршілерінен көрген жақсы әдеттерді өз өмір салттарында ұстануы.

Бөлісу: