2 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz – Пәкістанның Карачи қаласында салынып бітуге таяған мешіт үлкендігі мен сыйымдылығы жағынан әлемдегі мешіттердің арасында үшінші болмақ.
Аумағы жағынан Сауд Арабиясындағы әл-Харам және Мәдинадағы ән-Нәбәуи мешіттерінен кейін орын алатын жаңа пәкістандық мешіттің ішінде бір уақытта 800 000 жамағат құлшылық жасай алады. Ал, мешіттің дизайні Түркияда, Иранда, Кувейтте және Біріккен Араб Әмірліктерінде кеңінен қолданысқа енген дәстүрлі исламдық стильге сай әрленеді. Кешеннің құрамында тек мешіт ғимараты ғана емес, сонымен бірге Ислам мәдениет орталығы, Ислам зерттеу орталығы, Ислам мұражайы мен Халықаралық университет те орын алмақ.