Жапония астанасындағы темір жол вокзалында алдағы ай ішінде мұсылмандарға арнайы намазхана ашылады. JR Хигаси Нихон теміржол компаниясы осындай шешім қабылдады.
Жаңа құлшылық бөлмесінің ашылу салтанаты 5 маусымға жоспарланған. Оның ашылуына 2016 жылы басым бөлігі мұсылман дінін ұстанатын Оңтүстік Азия елдерінен келуші туристердің көп болуы түрткі болған. Жапонияда өткен жылы мұсылман саяхатшыларының көрсеткіші 30%-ға артқан.
Сарапшылардың пайымдауынша, мұсылман туристер саны соңғы жылдары ұдайы өсіп келеді. Айта кету керек, қазіргі уақытта намазхана бөлмелері Токионың Ханэда және Нарита әуежайларында бар.
ummet.kz-ақпарат