26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Америкалық қалада мешіт салынады

Жаһан
Жарнама

Айова штаты Гренджер қаласында босниялық мұсылмандар үлкен мешіт тұрғызады.

Мешіт жобасы осы айдың соңында іске қосылады. Құрылыс аумағы 17 000 шаршы футты құрайды, жалпы сомасы 2,5 миллион доллар қаражат жұмсалады. Дәл қазіргі уақытта аталған қаражат толығымен жиналмаған. Дегенмен, жоба жетекшілері қажетті қаражаттың табылары сенім білдіреді.

«Кей жерлерде мешітті бүлдіріп, қиратып, өртейді. Ал біз мешіт тұрғызамыз және оны үлкен құлшыныспен, ерекше ықыласпен жасаймыз» дейді жергілікті босниялық мұсылман ұйымы президенті Эльведин Сивач.

Оның айтуынша, қазіргі қолданыстағы мешіт уақыт өте келушілердің көптігіне байланысты таршылық етуде. Сол себепті, жаңа кең ғимарат қажеттілігі туындаған. Жергілікті имам Нермин Спахичтың сөзінше, жаңа мешіт баршаға есік ашады. «Келіңіздер, бізбен бірге құлшылық етіңіздер, есік баршасына ашық болады» дейді имам.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: